Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет23/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

2-мысал. Әрқайсысының массалары 10г екі мырыш пластинканы 2-валентті металдардың тұздарының екі ерітінділеріне батырып ұстаған. Біраздан соң шығарып алып, жуып, кептіріп, өлшегенде, бірінші пластинканың массасы 9,5235г, ал екінші пластинканың массасы 17,091 г болған. Бірінші ерітіндіде темір (ІІ) тұзы болған. Екі ерітіндіде де реакцияға түскен металдардың зат мөлшері бірдей. Екінші тұздың ерітіндісінің құрамына кіретін металды атаңыздар және пластинкалардың бетінде жүретін процестерді түсініңдер.
Шешуі:
Алдымен жүретін реакциялардың теңдеуін жазып аламыз:


Zn + FeAn = ZnAn + Fe (1)
65,4 г/моль А г/моль
Zn + МeAn = ZnAn + Мe (2)
65,4 г/моль А г/моль
Мұндағы Ап кез-келген 2 валентті анион, ал Ме – белгісіз металл, А – оның молярлық массасы. Реакцияға түскен металдардың зат мөлшерін (олар есептің шарты бойынша бірдей) х моль деп белгілейік. Сонда мынандай теңдеулер құруға болады:

10 – 65,4х + 55,8х = 9,5235 (3)


10 – 65,4х + Ах = 17,091 (4)
Есептің шартында пластинкалардың массалары жрғарғы дәлдікпен келтірілгендіктен бізде металдардың массаларының дәлірек мәндерін пайдалануымыз керек. (3) теңдеуді шешсек:
9,6х = 0,4765 х = 0,0469 моль

Енді х-тің мәнін (4) теңдеуге апарып қойсақ:




10 – 65,4 · 0,0469 + А · 0,0469 = 17,091
(А – 65,4)0,0469 = 7,091
0,0469 · А = 7,091 + 3,244 = 10,335
А = 10,335 : 0,0496 = 208,36
Бұл 2-валентті металдардың ішінде қорғасынның атомдық массасына жақын.
3-мысал. Белгісіз екі валентті металдың тұзының ерітіндісіне екінші бір металдың пластинкасы батырылған. Екінші металдың атомдық массасы бірінші металдың атомдық массасынан 4,6 есе кем. Біраз уақыттан кейін пластинканың массасы 21,24 грамға артқан. Сонымен қатар, электролиз кезінде ерітіндіден бөлінген металдың массасы оның молярлық массасынан 8,34 есе кем. Белгісіз металдарды анықтаңыздар.
Шешуі:
Бірінші металды Ме-ден, екінші металды Э-деп белгілейік. Есептің шартында екінші металдың валенттігін 1, 2 немесе3 деп жорамалдап, оларға сәйкес реакция теңдеулерін жалпы түрде былай жазуға болады:


Ме2++2Э=Ме+2Э+ (1)
Ме2++Э=Ме+Э+ (2)
3Ме2++2Э=Ме+2Э+ (3)

Екінші металдың (Э) молярлық массасын х-деп белгілесек, онда есептің шарты бойынша бірінші металдың молярлық массасы 4,6х болады.


Алдымен (1) теңдеуін пайдаланып пропорция құрайық:
Егер 4,6х грамм Ме бөлінгенде пластинканың массасы (4,6х-2х) грамға өзгереді.
a= =37,58г
Ендеше, есептің шарты бойынша бірінші металдың молярлық массасы (М)Ме = 37,58·8,34 = 313,4 г/моль болуға тиіс. Ал, мұндай металл жоқ, демек екінші металл бір валентті емес.
Енді (2) теңдеуді пайдаланып, тура осындай есептеулер жүргізейік:
Егер 4,6х Ме бөлінгенде пластинканың массасы (4,6х-х) грамға өзгерсе, онда b-грамм Ме бөлінгенде пластинканың массасы 21,24 грамға өзгереді:


b = = 27,14г
Бұдан: М(Ме) = 27,14 · 8,34 = 226,34 г/моль
Бұл радий болуы мүмкін, онда екінші металдың молярлық массасы
М(Э) = = 49,2 г/моль.
Ал, мұндай металл жоқ. Демек, екінші металдың екі валентті болуы мүмкін емес.
Енді (3) теңдеуді пайдаланып, тура осындай есептеулер жүргізейік. Егер 4,6 х грамм өзгерсе, онда с-грамм Ме бөлігіндеғ пластинканың массасы 21,24 грамға өзгереді.
c = =24.84
Онда бірінші металдың молярлық массасы
М(Ме)=24,84· 8,34 = 207,16 г/моль болуға тиіс. Ол қорғасын. Сонда, екінші металдың молярлық массасы


М(Э)=207,16/4,6=45,03 г/моль болғаны. Демек, екінші металл – скандий.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет