Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет22/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

ІІІ Сабақты бекіту
1. 12 л сутегі алу үшін (қ.ж.) Н24 ерітіндісімен қанша грамм алюминий қатысады.
2. Құрамында 94% Ғе2О3 бар 2 т темір рудасынан қанша т.темірді алуға болады.
3. 10 л сутегін алу үшін (қ.ж.) темірмен 163 г тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттескен. Қышқылдағы хлорлы сутектің массалық үлесін табыңдар.
4. Белгісіз заттың құрамы 40% магний оксиді және 60% кремнийдің диоксидінен тұрады. Заттың формуласын анықтау.
5. 600г 52% КОН ерітіндісін 400 мл сумен араластырған. Алынған ерітіндідегі КОН массалық үлесін табыңдар.
Үйге тапсырма:
1.Бір литр КСІ ерітіндісіне толық тұнба түзілгенше күміс нитраты ерітіндісі қосылған. Тұнбаның массасы 28,7г. Ерітіндідегі КСІ массалық үлесін табыңдар.
2. 10,8% 75г темір хлориді (ІІІ) ерітіндісіне артық мөлшерде натрий гидроксидін қосқан. Алынған тұнбаның массасын анықтаңдар.


13 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Орынбасу реакцияларына арналған есептер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ерітінді мен металл плпстинкалардың арасында жүреті орынбасу реакцияларына есеп шығару жолдарынмен таныстырып сан есептер шығару.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІІ жаңа материалды меңгерту:
Металдардың активтік қатарына (дәлдеп айтқанда «стандарттық электрондық потенциалдар» қатарында) алдында тұрған металл, өзінең кейінгі тұрған металды оның тұздарының құрамынан ығыстырып шығарады.
1-мысал. Массасы 20 грамм мыс пластинкасын күміс нитратының ерітіндісінде реакция толық аяқталғанша батырып ұстағанда оның массасы 19%-ға артқан. Бастапқы ерітіндідегі күміс нитратының массасын есептеңдер.
Шешуі:
Алдымен реакция теңдеуін жазамыз:


Cu + 2AgNO3 = Cu(NO3)2 + 2Ag
64 г/моль 108 г/моль
Реакция теңдеуі бойынша пластинканың массасының ауырлауы мыстың еріп, ал оның орнына күмістің қонуына тікелей байланысты. Есептің шарты бойынша, пластинканың массасы оның бастапқы массасының 19%-іне, демек 20∙19/100=3,8 грамға артқан.
Бұдан: х =65 ∙ = 3,00г
Бұл есептің жалғасын алғашқы мысалдардағы екінші әдіспен шығарған ыңғайлы.
Мысалы, ерітіндіге ауысқан мыстың зат мөлшнрін х моль деп белгілейік. Сонда реакция нәтижесінде бөлінген күмістің зат мөлшері 2х моль болады. Егер зат мөлшерінен массаға көшсек, онда ерітіндіге ауысқан мыстың массасы 64х грамм, ал оның орнына пластинканың бетіне қонған күмістің массасы 2 ∙108 х грамм болады. Сонымен мынадай теңдеу аламыз:

20 – 64х + 2∙108х = 20 + 3,8.


20 + (2 ∙108 - 64) х = 23,8
(2 ∙108 - 64) х = 3,8
х = = =0,025 моль
Демек, реакция нәтижесінде 0,025 моль мыс ерітіндіге ауысқан. Реакция теңдеуі бойынша онымен 2 0,025 = 0,05 моль AgNO3 ерітіндісі әрекеттескен. Егер зат мөлшерінен массаға көшсек:


m(AgNO3)=v (AgNO3)∙M(AgNO3)=0,5 ∙ 170= 8,5г


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет