Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


– сабақ Сабақтың тақырыбы: Изатопқа байланысты есептер



бет6/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

2– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Изатопқа байланысты есептер
Сабақтың мақсаты: Табиғи изотоптардың массалық үлестері бойынша, олардың периодтық таблицада берілген орташа салыстырмалы атомдық массасын табу және изотоптарды бөлу жолдарымен танысу
Құрал - жабдықтар: ХЭПЖ
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Оқушылардың білімін тексеру:

  1. Химиялық элемент дегеніміз не ?

  2. Изотоп дегеніміз не?

  3. Хлордың қанша изотобы бар?

  4. Сутектің неше изотобы бар ?

  5. Оттектің неше изотобы бар олардың бір – бірінең айырмасы.

ІІІ жаңа материалды меңгерту
Изотоптарды оқып үйрену арқылы химиялық элемент пен атомның бір-бірінен өзгешелігін ажыратады.Табиғи изотоптың массалық үлестері бойынша олардың салыстырмалы атомдық массасын анықтауға болады.
Изотоптарды бөлу жолдары.

  1. Массаларының айырмашылығын пайдаланып, центрифугада бөлу.

  2. Массаларының, зарядтарының қатынастарының айырмашылығын пайдаланып, масспектрометрде бөлу.

  3. Массаларына байланысты кинетикалық – изотоптық эффекті пайдаланып бөлу.

1- Есеп Салыстырмалы атомдық массасының орташа мәні 35,45-ке тең табиғи хлордағы 35Cl және 37Cl изотоптарының проценттік мөлшері қанша?
Шешуі; Хлордың бір изотопының (35Сl) мольдік үлесін Nx ал екіншісін (37Cl) – (1–Nx) десек
Яғни, 35 Nx + 37(1– Nx) = 35,45
35 Nx + 37 – 37 Nx = 35,45
1,55 = 2 Nx
Nx = 0,775
35Cl – изотоптың массалық үлесі – 77,5%
37Cl 100 – 77,5 = 22,5%
2-есеп Мыстың екі изотопы бар 63Сu , 65Сu . Табиғи мыстағы олардың массалық үлестері W(63Сu) = 0,73k
W(65Сu) = 0,27k
Мыстың орташа салыстырмалы атомдық массасын табу.
Шешуі ;
Мыс элементінің 100 атомынан тұратын үлгісін қарастырсақ, ондағы әр изотоптың саны
N(63Сu) = 0,73 ·100 · 73
N(65Сu) = 0,27 · 100 · 27
Мыстың 100 грамының салыстырмалы массасының қосындысын тапсақ,
Мr(Cu) = N(63Сu) · Аr(63Сu) + N(65Сu) · Аr(65Сu) = 73 · 63 + 27 · 65 = 6350
Мыстың салыстырмалы атомдық массасын есептесек,
Аr(Сu) =
3-Есеп Неонның орташа салыстырмалы атомдық массасы Ar (Ne) = 20,2. Неонның табиғи үлгісіндегі 20Ne және 22Ne изотоптарының массалық үлесін табу.
Шешуі: Неонның 100 атомнан тұратын табиғи үлгісін қарастырсақ.
20Ne – изотоптың санын Х
22Ne (100-Х) десек,
Неонның 100 атомның массасына арнап, теңдеу құрсақ
20х + 22(100 – х) = 20,2 · 100
20х + 2200 – 22х = 2020
2200 – 2020 = 22х – 20х
180 = 2х
х = 180/2 = 90 олай болса,
20Nе – 90% 22N – 10%
4-Есеп Табиғи бромның екі екі изотопы бар ондағы 79Br изотоптарының массалық үлесі 0,55. Егер бромның салыстырмалы атомдық массасы 79,9 болса, онда табиғатта кездесетін екінші изотоптың қандай болғаны?
Шешуі: Бромның 100 атомнан тұратын үлгісін қарастырсақ, бромның белгісіз изотопының салыстырмалы атомдық массасын “Х” деп белгілесек.
Енді, бромның 100 атoмының орташа салыстырмалы массасына арнап теңдеу құрсақ.
Мr(Вr) = N(79Вr) · Аr(79Вr) + N(хВr) · Аr(хВr)
Мr(Вr) = 55 · 79 + 45 · х = 79,9 · 100
х = 81
яғни бромның екінші изотопы 81Вr
5-Есеп (10В) изотопының молярлық үлесі 19,6% ал (11В) изотопының молярлық үлесі 80,4%, бордың салыстырмалы атомдық массасын есепте.
Шешуі: Бұл жерде есепті зат мөлшерін пайдалана отырып, шығарайық.
Бордың атом санын N –десек, зат мөлшері:
NА – Авогадро тұрақтысы
10В және 11В изотопының зат мөлшерін есептесек,
ν(10В) = νХ(10В) ν(10В) = 0,196 моль
ν(11В) = νХ(11В) ν(11В) = 0,804 моль
Бордың N атомындағы 10В және 11В-дегі атом санын тапсақ,
N(10В) = ν(10В) · NА N(10В) = 0,1963N
N(11В) = ν(11В) · NА N(11В) = 0,804N
10В, 11В – дің атомының массасын есептесек,
mr(10В) = ν(10В) · Аr(10В) : mr(10В) = 0,196 · 10 = 1,96N
mr(11В) = ν(11В) · Аr(11В) : mr(11В) = 0,804 · 11 = 8,44N
Салыстырмалы бірлікте N атомының массасы
mr(В) = mr(10В) + mr(11В) : mr(В) = 1,96N + 8,44N = 10,8N
Бордың бір атомының салыстырмалы атомдық массасының орта мәнін тапсақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет