Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау



Дата10.04.2023
өлшемі51,56 Kb.
#81368
Байланысты:
севера

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау

Орындаған: Авазова Севера

Ғылыми химия – 6В05301 206- топ

Кіріспе Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарына барлық адамдардың сапалы білім алу құқықтарының теңдігі жатады. Сапалы білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін алғышарт – инклюзивті білім беру. Ерекше білім беру қажеттіліктері

Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын дамытады. Осыған байланысты, қоғам алтына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер айқындалып отыр. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған ЕҚБ балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, оларды құрдастарының қабылдауына үйренеді.


Инклюзивті білім беру үшін ерекше білім беруді қажетсінетін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалуы керек; осындай балалармен жұмыс жасайтын мамандармен қамтамасыз ету жолы қарастырылуы тиіс; интеграция (инклюзив) үрдісінде балаларды психологиялық дайындау – уақытында кеңес беру, көмек көрсеу, тьюторлық және әлеуметтік-психологиялық қолдау, материалдық-техникалық жабдықтау, бағдарламалық, оқыту-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету – басты назарда болып, орталықтандырылған тұрғыда жүзеге асқаны жөн.

Дені сау балалардың ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балалармен араласуы олардың ұлағаттық тәрбиесіне әсер етеді, көзқарасын өзгертеді және ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар білім және машық алуға басқа балалармен тең мүмкіндік аллоды, өздерін еркін сезініп, мектепке қуанышпен барады. 6 Сонымен қатар мектептегі ұстаз инклюзивті білім беруде психологиялық қолдау мақсатында: Сенің ақаулықтарыңа қарамастан сен әдемі екеніңді біл, өйткені сен – баласың…, сен өз таңдауыңды жасай аласың…, сен өз сәтсіздіктеріңді жеңіп, өз қателіктерің арқылы дамисың…, сен – ол сенсің, өз артықшылықтарың мен кемшіліктерің бар, үміт пен шексіз мүмкіндіктерің бар…, болашққа қадамды біз БІРГЕ жасаймыз! денег сөздермен үнемі қолдау жасап отыруы қажет. Себебі адамдардың бір-біріне қол ұшын беруі – инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: мектеп Кеңесінің шешімімен; психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, хонда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немсе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта аллоды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасаллоды. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; оқыту форма сын таңдау;

Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет: оқушы арнайы, қысқартылған немсе жеке бағдарламамен оқытылған кезде; оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады: жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емс, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс); жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы); жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немсе кіші торта)

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары 1. Барлық адамдар құқығының теңдігі; 2. Адамдарды шектеудің болмауы; 3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау; 4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту, 5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру; 6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау; 7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі 8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету.

Қорытынды Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алу-ан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі

Пайдаланылған әдебиеттер https://ppt-online.org/154804 http://www.myshared.ru/slide/1436313/ https://ppt-online.org/585210

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет