Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет31/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
Байланысты:
inklyuziya

 
2. 
Қызметтері 
2.1. 
Педагог-психологқа төмендегі қызметтер жүктеледі: 

мектеп оқушыларын психодиагностикалау жұмысын жүргізу; 

психопрофилактикалық шараларды жүргізу; 

оқушылармен түзете дамыту жұмысын жүргізу; 

мектеп педагогтарымен, оқушылардың ата-аналарымен психологиялық 
сабағаттандыру және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді; 

ұйымдық-әдістемелік 
жұмыстарды 
(мектептің 
ӘБ, 
ПМП 
консилиумының жұмысына қатысу, диагностикалау, түзету және дамыту 
бағдарламаларын әзірлеу, біліктілігін арттыру) жүзеге асыру; 

психологиялық-педагогикалық мониторингілеуді жүзеге асыру.
 
3.Лауазымдық міндеттері 
Педагог-психологтың міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 
3.2. 
Кәсіптік мәселелербалалардың мүддесін қорғай, олардың толық 
құнды психикалық даму міндеттеріне сәйкес шешу. 
3.3.
Кәсіптік құпияны сақтау, құпиялылық талаптарын сақтау. 
3.4. 
Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен қамтамасыз ету. 
Тұлға үшін психологиялық жайлы және қауіпсіз орта құруға, мектептегі оқу-
білім беру үдерісі кезіндегі гуманистік, өнегелі қарым-қатынастың орнауына 
көмектесу.
3.5. 
Диагностикалаудың, дамыту, психопрофилактикалық және 
психотүзету жұмыстарының сенімді, ғылыми негізділген тәсілдерін қолдану. 
51 


3.6. 
Даму мүмкіндіктері шектеулі және мектептік бейімделмеу «қатер 
тобының» баларын анықтау бойынша жұмыс жүргізу. 
3.7. 
Диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша оқушылармен жүретін 
түзете дамыту жұмысының мазмұнын анықтау және оқудың барлық кезеңі 
бойы жеке тәсілдемемен қамтамасыз етуүшін психологиялық тұжырымдама 
жасау. 
3.8. 
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға білім берудің жеке 
бағдарламалары мен дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. 
3.9. 
Баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне (эмоциялық тұлғалық аясының 
дамуы және оның кемшіліктерін түзету, танымдық әрекетін дамыту және 
жоғары психикалық атқарымдарын қалыптастыру, әрекеттенуін және тәртібін, 
коммуникативтік дағдыларын ерікті реттеуді қалыптастыру) сәйкес
психологиялық тұжырымдаманың негізінде жекеше және топтық түзімдегі 
түзете дамыту жұмысын жүзеге асыру.
3.10. 
Педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениеттілігін 
қалыптастыру. 
3.11. 
Психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету, педагогтардың 
оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерін ендіру кезінде 
балалардың жеке және жас шамасының ерекшеліктерін есепке алу. 
3.12. 
Мектеп және жанұя жағдайындағы оқушының тұлғасының 
психологиялық даму ерекшеліктері мен міндеттері бойынша педагогтармен, 
мамандармен, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен серіктестікке 
тартылған тұлғалармен сабағаттылық жұмысын жүргізу. 
3.13. 
Қатысу: 

қаладағы педагогтар-психологтардың әдістемелік бірлестіктерінің 
жұмыстарына және басқа түрдегі әдістемелік жұмыстарға; 

Педагогикалық 
кеңестердің, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум отырысына. 
3.14.
Психологиялық диагностикалау, түзете дамыту жұмыстарын 
жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдардың болуы. 
3.15.
Жұмыстардың барлық түрін тіркеу және қажетті құжаттамаларды 
қабылданған формада ресімдеу және жүргізу, оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметін тексеру нәтижелерін бейнелейтін, 
қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру
.
3.16.
Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет