Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет13/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100
Байланысты:
inklyuziya

3.
 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты мен 
міндеттері 
3.1. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты оқушыларды 
табысты оқыту мен әлеуметтендіру, оларды барынша дамытуға жағдай 
туғызуға бағытталған ағарту, диагностикалық және түзету шараларының 
кешенін жүзеге асыру жолымен білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын 
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруға тарту болып 
табылады. Бұнда қолдау нысаны білім беру үдерісі, ал қолдау мәні – баланы 
дамыту жағдайы болып табылады. 
3.2. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің міндеттері: 

тәрбиеленушінің құқығы мен жеке бас қызығушылықтарын қорғау, 
олардың оқуы мен психологиялық және дене тұрғысынан дамуын қауіпсіз 
жағдаймен қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық-
әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектесу және қолдау; 

баланың дамуы мен оқуында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу 
үшін баланың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін кешенді түрде 
диагностикалау; 

білім беру үдерісінің барлық субъекілерінің арасындағы өзара түсіністік 
пен өзара әрекеттенуді нығайтуға көмектесу; 

оқушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында кеңестік 
ағарту жұмысын жүргізу. 
3.3. Баланы және оның жанұясын қолдау туралы шешім қызметтің барлық 
мамандарымен бірге, ПМПК-тің тұжырымдамасы мен ұсыныстарының 
негізінде қабылданады.
3.4. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі білім беру, денсаулық 
сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және мекемелерімен, оқушыларды 
оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға көмектесетін әлеуметтік 
серіктестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 
 
4. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі бағыттары 
4.1. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі бағыттары: 

психологиялық-әлеуметтік диагностика – оқушылардың бастапқы 
мүмкіндіктерін, жеке ерекшеліктерін және жеке басының бейімділігін, оқу және 
тәрбиелеу үдерісіндегі әлеуетті мүмкіндігін, сондай-ақ оқушылардың 
дамуындағы ауытқушылықтарды, оқудағы, әлеуметтік бейімделудегі 
қиындықтардың себептерін, мүмкін болатын және іс жүзіндегі әлеуметтік 
қатер тобын анықтау бойынша зерттеулер жүргізу; 
23 



психологиялық түзету жұмысы – оқушылармен түзете дамыту жұмысын 
жүргізу мен бағдарламаны әзірлеу бойынша педагог-психологтың, әлеуметтік 
педагогтың, логопед мұғалімнің, дефектолог мұғалімнің, дәрігердің бірлескен 
жұмысы,әлеуметтік-психологиялық тернингілерді, рөлдік ойындарды, білім 
беру үдерісіне қатысушылардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту 
бойынша педагогикалық ұжым мен ата-аналардың арасындағы топтық
дисскуссияларды ұйымдастыру және өткізу; 

әрбір жастық кезеңде оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке бастық 
толық құнды дамуына және өзін-өзі тануына жағдай тудыру, сондай-ақ
тұлғалық дамуы мен зерде дамуында мүмкін болатын бұзылыстардың алдын 
алу мақсатындағы білім беру үдерісіне қатысушыларды психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік тұрғыда ағарту; 

білім беру үдерісіне қатысушыларға әр түрлі психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша әлеуметтік-
педгогикадық және психологиялық кеңес беру; өмірдегі қиын жағдайларды 
жеңу үшін оқушылар мен ата-аналарға көмектесу; оқушыларды дамыту, 
тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру; 

ұйымдық-әдістемелік қызмет – ұйымдық-әдістемелік және ғылыми-
әдістемелік жұмыстарды (қолдау нәтижелерін талдау және жинақтау,ғылыми 
зерттеу жұмыстарының материалдарын өңдеу) жүргізу; тәрбиелеу және 
әлеуметтендіру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктер, семинар 
практикумдер, конференциялардың жұмысына қатысу; тәрбиеленушілердің 
денсаулық жағдайын есепке ала отырып, оларды сауықтыру бағдарламаларын 
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; инновациялық әдістерді меңгеру 
бойынша семинарлар, тренингілер мен кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және 
өткізу; мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы мәліметтер қорын 
қалыптастыру; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік 
қолдау бойынша отандық және шетелдік ғылым мен практиканың жетістіктерін 
зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет