ЕРЕКШЕ
ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР
САЛАСЫНДА
ҒЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫ
Ң ЗАҢНАМАСЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ОРМАН РЕСУРСТАРЫ, АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КАФЕДРАСЫ
Орындаған: Сауирова Элиза
Қабылдаған: Phd аға оқытушы Утебекова Айнұр
2-БАП. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР
САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢНАМАСЫ
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының
объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және
өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен
реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда
өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы негiзгi принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау
мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық
құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн
дамыту;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу,
бақылау мен қадағалау;
3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-
ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |