Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасызайн и технология


мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата05.03.2023
өлшемі1,42 Mb.
#71742
1   2   3   4
мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау
жүргізілуі мүмкін.
2.Күзету:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан
Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында
аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып
қарауылдауды;
2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi;
3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды


3.Қорғау:
1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды;
2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер
кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа
мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту,
өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту);
3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз
етудi, жануарлар санын реттеудi;
4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды. 
4. Өрттердiң алдын алу, оларды байқау және сөндiру Қазақстан Республикасының
өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес
жүргiзiледi.
5. Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерiн ескере
отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қарауында осы аумақтар
бар орталық атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi


30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет