Ересек топ балаларында дамыту қажет



Pdf көрінісі
Дата30.01.2023
өлшемі0,61 Mb.
#63875
Байланысты:
№17



Физикалық 
қасиеттерді
Коммуникативтік 
дағдыларды 
Танымдық және 
зияткерлік 
дағдыларды 
Шығармашылық 
дағдыларды 
Әлеуметтік- 
эмоционалдық 
дағдыларды 
Ересек топ балаларында дамыту қажет: 


ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ 
ДАМЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 

балалардың денесін үйлесімді дамыту, спорттық, қимылды 
ойындарға, спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру; 
- дене сапаларын: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті 
қалыптастыру; 
- негізгі қимыл түрлерін: жүру мен жүгіруді, секіру мен лақтыруды, 
қағып алуды, еңбектеу мен өрмелеуді, жеке мәдени-гигиеналық 
дағдылары жетілдіру; 
- дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, 
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу; 
- әртүрлі ұлттық қимылды ойындарға, жарыс сипатындағы 
ойындарға қызығушылыққа баулу; 
- ойын барысында, спорт жабдықтарын қолдануда қауіпсіздікті 
сақтау. 


КАММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 

Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау 
дағдыларын қалыптастыру; 

Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен 
таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың 
ауызша сөйлеуін дамыту; 

балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін 
құруға баулу; 

баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар 
мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның 
қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен 
талқылау; 

балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, 
тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну; 

балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты 
дамыту. 


ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК 
ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 

көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, 
сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; 

танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық 
байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды 
шығаруға баулу; 

сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, 
жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; 

сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс 
істей білуге үйрету; 

эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-
өрістерін кеңейту; 

тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға 
тәрбиелеу



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ 
ДАМЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 

түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық 
қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту; 

өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен 
ұстап зерттеуді дамыту; 

өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру; 

қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау 
мен қиялды дамыту; 

өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем-
эстетикалық талғамды дамыту; 

қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге 
тәрбиелеу; 

балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар 
әндерді ұсыну; 

балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 


ӘЛЕУМЕТТІК- ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ 
ДАМЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 

ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, 
жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде 
құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары 
туралы білімдерін кеңейту; 

отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш 
сезімін тәрбиелеу; 

құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу; 

туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу; 

тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту; 

танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық 
қиялды қалыптастыру; 

табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін 
қалыптастыру; 

қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтау 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет