29
Қ. Есенова аталмыш еңбектің үлкен тарауларының бірін мақала
атауларының прагматикалық қырын тануға арнап, оны «Қазақ
газеттеріндегі тақырыпаттық кешеннің прагматикасы» деп атайды.
Мұнда ол тақырыпат кешенінің әрбір сатысына, олардың маңызы мен
атқаратын міндеттеріне тоқталады. Сонымен қатар оқырмандар
тарапынан газет мәтінін қабылдаудағы
тақырыпаттың қызметі жан-
жақты қарастырылып, қазақ басылымдарынан жиналған тілдік
материалдар негізінде дәйектелді. Ғалымның көрсетуі бойынша,
«Тақырыпат медиа-мәтіннің ажырамас маңызды бір бөлігі бола
отырып, атауыштық, ақпараттық және прагматикалық қызметтер
атқарады» [70, 38]. Диссертацияда
публицистикалық тақырыпат
прагматикасындағы тыныс белгілері, фразеологизмдер, сөзойнатым
және бейлингвистикалық құралдардың ролі сарапқа салынып,
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері нақты мысалдар жүзінде
көрсетілген.
Н.Ж. Дәулеткереева өзінің диссертациялық жұмысы аясындағы
зерттеулерін әрі қарай тарқатып, «Газет тақырыпаттарындағы
қайталамалардың прагматикалық қызметі»
атты ғылыми мақаласын
тілдік қайталамалардың публицистикалық мақала атауларында
қолданылу ерекшеліктерін, олардың оқырман санасына, мақаланы
қалай қабылдауына әсерін сөз етуге арнайды. Ғалымның ойынша,
қазіргі баспасөз тақырыпаттарында кездесетін тілдік қайталамалар
оқырманның
назарын аудару, мәтінде берілетін негізгі ойдан хабар
беру, негізгі мәтінге сілтеме жасау, адресант көзқарасы мен характерін
таныстыру сияқты қызметтерді атқарады. «Аталған міндеттерге қоса
қайталамалар негізінде адресант факторының жекелік ұстанымдары
анықталады. Олар: өзгеге деген сенімсіздік, өнеге тұту, мақтан ету,
сүйсіну, жирену, шенеу, жирендіру, таңдану,
қастерлеу, жай ғана
хабарлау, ескерту, жоқтау. Сонымен қатар қазіргі баспасөз
тақырыпаттары мен айдарларындағы қайталамалық құрылымдар,
қайталамаға негізделген фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер,
дайын өлең үзінділері адресатқа жеткізер ойдың нақты да жинақы, әрі
әсерлі болуын қамтамасыз етеді» [71, 65].
Осылайша, газет тақырыпатын зерделеуге арналған ғылыми
еңбектерді зерттеу нысандары (аспектілері) бойынша шартты түрде
мынадай түрлерге бөліп қарастыруға болады: