Химиялық зертханада мынадай келеңсiз жағдайлар орын алуы мүмкiн:
- шынымен кесiлген жарақат алу;
- термиялық және химиялық күйiктерге ұшырау;
- улы заттардың булары дем алу органдарына кездейсоқ түскеннен улану; - электр тоғына түсу.
Шынымен кесілген жарақат алған жағдайда ең алдымен спиртпен жуылған пинцетпен жарақаттағы шынының көзге көрiнетiн түйiршiктерiн алып тастау керек. Осыдан кейiн 3%-тiк калий перманганатының (КМnО4) ерiтiндiсiмен жуып, йодтың (I2) спирттегі 5%-тiк ерiтiндiсiн жағып, бинттеп тастау қажет.
Термиялық күйікті калий перманганаты немесе спирт ерiтiндiсiмен ақырындап сүртiп, үстiне күйiкке арналған майды жағып орау керек.
Қышқылдардың және фенолдардың әсерінен химиялық күйікке ұшыраған жағдайда, күйген жердi крандағы судың көп мөлшерiмен жуып, ас содасының (NаНСО3) 3%-тiк ерiтiндiсiмен шаю керек.
Сілтілердің әсерінен химиялық күйікке ұшыраған жағдайда күйген терiнi крандағы судың көп мөлшерiмен жуып, 3%-тiк сiрке қышқылымен немесе 3% -тiк бор қышқылымен шаю керек.
Достарыңызбен бөлісу: |