Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсерiн бақылау. Химиялық тепе-теңдiктiң ығысуына әрекеттесушi заттардың және реакция өнiмдерiнiң әсерiн анықтау.
2.1 Жалпы мәліметтер Химиялық реакцияның жылдамдығы зат концентрациясының белгiлi бiр уақыт аралығында өзгеруiмен сипатталады. Жалпы түрде жылдамдықтың өрнегi былай жазылады:
υ =
Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелдiлiгiн ә р е к е т т е с у ш i м а с с а л а р з а ң ы (ӘМЗ) сипаттайды: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесушi заттардың молярлық концентрацияларының көбейтiндiсiне тура пропорционал.