Ерғалиева А. Х., Айсабаева Р. М. Бейорганикалық химия зертханалық сабақтарға арналған



бет67/74
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11520
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Байланысты:
abf bio beiorg him ergalieva (1)

қасиеттерiн бақылау

а) Пробиркаға 1-2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 1-2 тамшы концентрлi КОН ерiтiндiсiн қосып, үстiне ерiтiндiнiң түсi қызғылттан жасыл түске өзгергенше натрий сульфитiнiң ерiтiндiсiн тамшылатып қосыңыз.

б) Пробиркаға 1 –2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 2-3 тамшы су қосып үстiне қоңыр тұнба түзiлгенше натрий сульфитiнң ерiтiндiсiн қосыңыз.

в) Пробиркаға 1-2 тамшы калий перманганатының ерiтiндiсiн тамызып, 2-3 тамшы күкiрт қышқылын қосып, үстiне қызғылт ерiтiндi түссiзденгенше натрий сульфитiнiң ерiтiндiсiн тамшылап қосыңыз.

Үш тәжiрибенi де жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отыра қорытындылаңыз.
Тәжiрибе 6 - Cr+3 ионын сутек пероксидiмен тотықтыру

Пробиркаға 1-2 тамшы Cr(NO3)3 ерiтiндiсiн тамызып үстiне алғашқыда пайда болған Cr(OH)3 –ның тұнбасы ерiгенше КОН қосыңыз. Осыдан кейiн ерiтiндiге тамшылап Н2О2 ерiтiндiсiн қосу керек ерiтiндiнiң жасыл түсi сарыға өзгергенше. Сары түске ерiтiндiнi ТТР нәтижесiнде түзелген CrO4-2 (хромат–анион) бояйды. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап берiңiз.


Тәжiрибе 7 - Fe+2 ионының сутек пероксидiмен тотығуы

Екi пробиркаға 2-3 тамшы темiрдiң (II) сульфатының ерiтiндiсiн тамызып, 1-2 тамшы 2н H2SO4 ерiтiндiсiн қосыңыз. Пробирканың бiреуiне 1-2 тамшы 3% Н2О2 тамызыңыз. Осыдан кейiн екi пробиркаға да 2-3 тамшы дистиллденген су және 2-3 тамшы аммоний роданидiнiң NH4SCN ерiтiндiсiн қосыңыз.

Н2О2 қосылған пробиркадағы ерiтiндiнiң түсi қалай өзгердi? Не себептен?
Тәжiрибе 8 - NO3- - анионның алюминиймен аммиакқа дейiн

тотықсыздануы

Пробирканың түбiне шамалап алюминий үгiндiсiн салыңыз (үгiндiнiң орнына фольганы алуға болады). Үстiне 2-3 тамшы натрий нитратының NaNO3 ерiтiндiсiн тамызып, 0,5–1 мл 2н NaOH ерiтiндiсiн құйыңыз. Пробирканы штативке орналастырып мақтамен жауып, мақтаның үстiне дымқылданған индикатор қағазын қойыңыз. Бiрнеше минуттен кейiн индикатордың түсi өзгергендiгiн байқайсыз.

Байқалған өзгерiстерді түсіндіріңіз. ТТР–ның иондық және молекулалық теңдеулерiн жазыңыз.
Тәжiрибе 9 - Концентрлi азот қышқылын мыспен азот (IV) оксидiне



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет