Ерғалиева А. Х., Айсабаева Р. М. Бейорганикалық химия зертханалық сабақтарға арналған



бет69/74
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11520
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
6.3 Бақылау тапсырмалары:
1. Мына берiлген реакциялардың қайсысы ТТР - на жатады?

а) Fe + CuSO4 → FeSO4 + Cu

б) CuCO3 ∙ Cu(OH)2 → 2CuO + CO2 + H2O

в) K2CrO4 + BaCI2 → BaCrO4 + 2KCI


2. Тотығу және тотықсыздану реакциялары бiр-бiрiмен байланыссыз жеке-жеке жүре ала ма?
3. Периодтық жүйе бойынша күштi тотықсыздандырғыш және күштi тотықтырғыш бола алатын элементтердi көрсетiңiз.
4. Қандай заттар тек тотықтырғыш болады, ал қандай заттар тек тотықсыздандырғыш болады ? Қандай заттар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады ?
5. Мына реакцияларды электрондық баланс немесе электрондық - иондық баланс эдiсiмен теңестiрiп, ТТР–ның иондық және молекулалық тендеулерiн жазыңыз. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетеңiз:

а) NaNO2 + NaI + H2SO4 → Na2SO4 + NO + I2 + H2O

б ) KMnO4 + KNO2 + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + KNO3 + H2O

в) HNO3 + H2S → NO + S + H2O


6. Mына ТТР–ларына түскен және реакциялар нәтижесiнде түзiлген заттардың құрамындағы элементтердiң тотығу дәрежелерiн анықтап, қандай зат тотықтырғыш, ал қандай зат тотықсыздандырғыш екендiгiн көрсетiңiздер. Реакциялардың иондық және молекулалық теңдеулерiн жазыңыздар. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттiк массаларын есептеңiздер:

а) Br2 + HNO2 + H2O → HBr + HNO3

б) KMnO4 + PH3 + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + H3PO4 + H2O

в) NаCIO +HBr → NаCI + Br2 + H2O

7. Мына реакциялардың ЭҚК есептеңiздер:

а) HgSO4 + FeSO4 → Fe2(SO4)3 + Hg2SO4

б) PbO2 + KI + H2SO4 → PbSO4 + K2SO4 + I2 + H2O

в) KMnO4 + KCI + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + H2O + CI2



ЭҚК-ті есептеу үшін стандартты электродтық потенциалдардың мәндерін пайдаланыңыз.
8. Егiнжайға себу алдында тұқымдарды сулема (НgСI2) ерiтiндiсiмен залалсыздандырады. Сулема ерiтiндiсiн дайындау үшiн темiр немесе цинкпен капталған шелектер, әлде эмальденген шелектер колдану керек пе ? Жауапты жүретiн реакциялардың теңдеулерiн жазып және ЭҚК– iн есептеу арқылы дәлелдеңдер.
9. Тотықсыздану процесiн көрсет:

А) 2I- I2 0

B) NO3- NH3

C) As+5 As+3

D) Cr2O72- CrO42-

E) AI+3 AIO2-

10. Тотығу процесiн көрсет:



А)Pb+4 Pb+2

B) Zn +2 Zn0

C) MnO4- Mn+2

D) H2O2 O2

E) ClO3-Cl-

11. Мына көрсетілген ТТР қай бағытта өздігінен жүреді?

2KBr + 2FeCl3 = 2FeCl2 + 2KCl + Br2
12. Мына көрсетілген ТТР қай бағытта өздігінен жүреді?

KMnO4 + 3Ag + 2H2O = MnO2 + 3AgOH + KOH


13. Мына заттар ерiтіндіде бірге бола ала ма?

A) KMnO4 және H2SO4

B) H2SO4 және HCl

C) KNO2 және HI

D) HIO3 және HI

E) H2SO4 және HBr

Стандартты электродтық потенциалдардың мәндерін пайдалана отырып жауап берiңiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет