мойындады.
Алқахат қарт болса, сонша жаман кісі емес болып шықты, ол да
маған: «Сен бір кезде əркім езгілеп, ойына келген бейне илейтін бір
уыс саз болатынсың, енді сен найзаның ұшы да сызат қалдыра
алмайтын кесек қолаға айналыпсың. Егер саған күміс не
алтын бақыр
керек болып қалса, менен кез келген уақытта келіп ала аласың» деді.
Мені құрметтейтін ол ғана емес екен. Менімен көптеген адамдар
сыйласа əңгімелесетін болды. Əйелім маған қарағанда, жанары оттай
жанып кетеді де, ал менің өзіме деген сенімім онан сайын арта түседі.
Бірақ мəселе менде емес, маған сəттілік əперген жоспарда ғой. Ол
маған барлық қарыздан құтылуға жол ашты, ал əмияныма
сыңғырлаған алтын мен күміс толтырды.Бұл жоспарды өмірден өзінің
мол сыбағасын алғысы келетін əркімге де ұсынар едім. Ол бұрынғы
құ
лға өз қарызын төлеуге мүмкіндік берсе жəне байлыққа қол жеткізсе,
онда ол кез келгенге де басыбайлы болуға жəрдемдеседі. Алайда, мен
бұл
жоспарды бітірген жоқпын,өйткені, оның мені бай адамдар
санатына қосарына сенем.
Ноттингемдік университет
Ньюарк-на-Тренте
Ноттингем
7 қараша 1936ж.
Британдық ғылыми зерттеу
экспедиция жетекшісіне,
профессор Франклин Колдвеллге.
Хилла, Месопотамия.
Құ
рметті профессорым.
Бабыл үйіндісін одан əрі қазу кезінде Сіз осы қаланың Табасар атты
түйе саудагерінің рухымен кездессеңіз, маған бір жайға көмек етіңізші.
Бірнеше мың жыл бұрын оның сазпарақтарға қалдырған хаты үшін
оған біздің Англиядағы университеттің бірнеше қызметкерлері
атынан мəңгілік алғысымызды жеткізерсіз.
Менің Сізге бір жыл бұрын жазған хатым есіңізде болар, əйелім
екеуміз оның сол жоспарын қолға алып, біршама қарыздан құтылып,
еңсемізді
түзеуді
ойластырудамыз.Мен
мұны
достарымыздан
жасырып келсем де, Сізден жасыра алмаймын əрі өзіңіз біздің