Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық университеті
1301-31
Орындаған: Есенкелді Сымбат Қанатқызы
Қабылдаған: Сагындыкова Балагүл Есенгелдиевна
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі. Әлеуметтік қиял 1. Әлеуметтанудың құрылымы мен пайда
болуының алғашқы кезеңдері
2. Әлеуметтік құрылым
3. Қоғамдағы әлеуметтанудың рөлі
4. Әлеуметтік қиял
Жоспар: Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі – әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым – белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды.
Сенің ойыңша әлеуметтанудың Қоғамдағы рөлі қандай? Бірнеше пәндердің түйілісінде пайда болып және айқын белгіленген әлеуметтану алғашқы кездерде неғұрлым ескі пәндер өкілдері (әсіресе философтар мен тарихшылар) тарапынан күшті қарсылыққа тап болды. Ол классикалық гуманитарлық білім беру жүйесіне кіріге алмады. Алайда әлеуметтанудың жағдайы біртіндеп өзгерді. XIX ғасырдың соңында әлеуметтану университеттік пәнге айналды. Арнаулы әлеуметтану журналдары шыға бастады.
Әлеуметтану ғылымың өрлеу және құлдырау сәттері көп болды. Қазіргі кездегі әлеуметтанудың сипатты белгісі теория мен практиканың бірлігі болып табылады. Бүгінгі таңдағы әлеуметтанулық зерттеулердің елеулі бөлігі, шын мәнінде, әлеуметтік экономикалық үдерісті зерделейді. Онда азматтардың еңбек қызметін әлеуметтік басқарудың теориясы мен практикасы табиғи байланысқан. Әлеуметтанушылардың назар салу өрісі еңбектің әлеуметтік формалары мен жағдайларын, оның практикалық проблемалар мен міндеттерді шешуге арналған. Бұл аспектіде бірінші орынға әлеуметтанудың қолданбалы функциясы шығады. Қоғамның барлық ірі салалары әлеуметтанулық тәсілдер мен әдістердің негізінде зерттеледі. Мысалы, еңбек әлеуметтануы еңбекті оның әлеуметтік институттармен байланыстарының саналуандығындағы ұжымдық немесе жеке сипатын, бірлескен еңбектің әлеуметтік ұйымын қамтиды. Еңбек әлеуметтануы қызметкерді еңбек қызметіне қосудың әртүрлі әлеуметтік-психологиялық тетіктерін, яғни еңбекке тарту мен ынталандыруды, жұмысқа қанағаттанушылық пен оған деген көзқарасты, еңбек белсенділігін, еңбек өнімділігін арттыру жолдарын және т.б. сипаттайды.
Дүниежүзінің көптеген елдерінде атқару және өкілдік билік органдары , саяси партиялар мен бірлестіктер әлеуметтанудың мүмкіндіктерін қоғамдық өмірдің барлық салаларында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін кеңінен пайдаланады. Міне, бұл әлеуметтанудың қоғамдағы рөлі қандай екенін айқындап көрсетіп тұр.
«Әлеуметтік қиял» деген не? Әлеуметтік қиял - бұл біздің күнделікті өміріміздегі таныс кішігірім адамдардан жаңа, сыни көздермен қарастыру үшін «өзімізді ойлаудан» аулақ болу тәжірибесі. Тұжырымдаманы құрып, ол туралы кітап жазған В Райт Миллс социологиялық қиялды «тәжірибе мен кең қоғам арасындағы қарым-қатынастың нақтылығын» анықтады.
Әлеуметтік қиял - бұл заттардың әлеуметтік жағдайын көре білу және өзара әрекеттесу және өзара ықпал ету.
Әлеуметтік қиялға ие болу үшін адам жағдайдан бас тартып, балама көзқараспен ойлауы керек. Бұл қабілет әлемдегі әлеуметтік көзқарасты дамытудың басты бағыты болып табылады.
Назарларыңызға рақмет!