деген молырақ мүдде мен ынта, көбірек қайсарлық – міне, өзгелерді
менен де көп сазжазба өндіруге жеткізген себептер осылар еді. Менің
бұл тырысуым ақыры марапатталды, сөйтіп, маған қожайынға алты
рет жалақы көбейту жөнінде барудың қажеті болмады.
Неғұрлым көбірек білсек, соғұрлым көп табысқа кенелеміз.Өз ісі
жөнінде
көп
білуге
ұ
мтылатын
адам
міндетті
түрде
марапатталады.Егер ол суретші болса, дарынды өз əріптестерінен
ə
дістер мен тəсілдерді үйренуі керек. Егер ол заңмен шұғылданса
немесе дəрігер болса, сол кəсіппен айналысатын біліктілерден кеңес
алып, білім бөліскені жөн. Егер ол саудагер болса, онда ылғи да сапалы
арзан тауарды іздеп табуы қажет.
Табыс үшін кімге тəуелді болсаңыз, соған жақсы қызмет ету
жолында
тұрақты
түрде
кемелденіп,
білігіңді
қ
олдану
керек.Сондықтан да сендерді ылғи да ізденіп, өзгенің артында шаң
қ
ауып қалмауды қарастыруға шақырамын.
Көптеген нəрсе адам өмірін құнды тəжірибемен байыта түседі.Егер
адам өзін өзі құрметтесе, мынаған ұмтылғаны жөн:
- ол қарызын мерзімінде өтеп, шамасы жетпейтін қарыз алмағаны
дұрыс;
- отбасындағылар жақсы ойлап, мақтаулы сөз айтуы үшін, ол өз
жанұясына қамқор болуы тиіс;
- одүниеге абыроймен кетуі үшін, мүлкі əділетпен бөлінуі үшін ол
бəрін өсиетпен қалдырғаны абзал;
- ол сəтсіздікке душар болғанға жаны ашып, қолынан келер
жəрдемін тигізгені жөн;
- ол өзіне қымбатты жандарға қол ұшын беруі қажет;
Сонымен, қабысқан əмиянға керек жетінші дауа мынау:
даналық
Достарыңызбен бөлісу: