Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


пен білікке қол жеткізу үшін ізден,оқы жəне өзіңді өзің



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата29.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#88439
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Ezhelgi Babylda 1171 y e 1187 bay adam Dzhordzh Kleyson

пен білікке қол жеткізу үшін ізден,оқы жəне өзіңді өзің
құ
рметтейтіндей қылықты таңда.Сонда ғана өзіңе деген сенім
зорайып, өзің аңсаған тілектерге жете аласың.
Ө
зімнің ұзақ та,жемісті ғұмырымда ашқан қабысқан əмиянға
арналған жеті дауа осы еді, бұларды байлықты аңсағандардың бəріне
пайдалануға кеңес берем.
Бабылдағы алтын сендер ойлағаннан да мол, шəкірттерім. Ол
бəрімізге де жетеді.
Барыңдар да, осы айтылған ақиқатты өздеріңнің гүлденулеріңе
қ
олданыңдар.


Барыңдар да, осы білімді ұлы патшамыздың қарауындағы əр адамға
беріңдер, олар да бата дарыған қаламыздың игілігінен өз үлестерін
алсын.


Сəттілік пірімен таныс бол
Жолы болғыштың қалай да жолы - сəтті.
Еуфратқа лақтыршы, ол су түбінен маржан уыстап шығады.
Бабылдық мақал
Қ
ай адам да өзіне сəттілік тілейді. Мұндай тілек кəзіргі адамдардың
бойындағыдай төрт мың жыл бұрынғы ежелгі Бабыл тұрғындарына да
тəн болатын. Шолжаң сəттілік пірінің бəрімізді де назардан
қ
алдырмауына үміттіміз.Оны өзімізге қаратып қана қоймай, өзінің
ағыл-тегіл қайырын тигізуіне қол жеткізе аламыз ба?
Сəттілікке қалай қол жеткізеді?
Бұл сауалды Бабыл тұрғындары да өздеріне серік етіп, оған талайы
ө
жеттене жауап іздеген.Олар нағыз іс пен терең ойдың адамдары
еді.Бабылдың ежелгі дүниедегі ең бай əрі қуатты қала болғандығы
соның арқасы болатын.
Ол кезде мектеп те, колледж де болған емес. Дегенмен оларда нағыз
машықтыратын білім ошағы болатын.Бабылдың көкке ұмтылған
патша сарайлары мен аспалы бақтары жəне тəуханаларынан кем
түспейтін зəулім ғимараты болды. Бұл жайында тарихи шежірелерде
ештеңе де айтылмайды, бірақ ол сол кездегі адамдардың санасына
орасан ықпал еткен еді.
Ол - қайырпаз ұстаздар шəкірттерге ежелгі дəуір білімдерін тегін
дарытқан жəне жұртты алаң еткен тақырыптар талқыға салынатын
Ілім сарайы болатын. Бұл сарайдағы пікірталаста құлдың өзі патша
тұқымдарына жататын төремен де айтыса алатын құқығы бар еді.
Ілім сарайының тұрақты өкілі Арқат деген данагөй əрі бай кісі
болатын.Оны Бабылдың ең ауқатты шонжары дейтін жұрт.Оның
ө
зінде кеш сайын тыңдармандары жиналатын жеке бөлмесі болды,
оған қарт та, бала да, келетін, бірақ тыңдаушының көпшілігі орта
жастағылар еді. Олар өздері қызықтырған тақырыпты талдап, пікір
таластырып жататын. Сол жиындардың біріне біз де бас сұғып,
сəттілікті өздеріне қарату тəсілін меңгерді ме екен, соны білейік.
Арқат күнделікті мінберіне шыққанда, сəулесі құмды шаң қабатын
тілгілеп, Күннің алып алтын табағы батуға беттеген еді.Оны жерге
төселген кілемге жайғасқан сексенге жуық адам шыдамсыздана күтіп
отырған. Адамдар үсті-үстіне келіп жатыр.
- Бүгінгі кеште нені талдаймыз? – сұрады Арқат.


Біршама үнсіздіктен соң орнына ұзын бойлы тоқушы тұрды да:
- Мені көптен мазалаған бір мəселе бар, бірақ оны ортаға салмай
келгенім, ол Арқат, саған да, жиналғандарға да күлкілі жайт болуы
мүмкін.Бүгін мені сəттілік жағалап, алтын ақшалы əмиян тауып
алдым.Сəттіліктің менен ешқашан кетпегенін қалаймын, мына кісілер
де соған мүдделі болар деп ойлаймын. Сол себепті, өзіңе бақытты
қ
алай тарту керек, они қандай жолдармен қаратуға болады, міне,
осыны талдасақ.
- Өте қызық тақырып екен,- деді де Арқат үнсіз қалды.- Ол талқыға
тұратын нəрсе.Біреулер үшін сəттілік – ешбір мақсатсыз, себепсіз
кезігіп жататын жолының болуы. Кейбіреулер үшін, ол - барын сала
құ
лдық еткені үшін Иштар пірана тарапынан меңгерілетін жағдай.
Сонымен, достар, бұл турасында кім не ойлайды? Əрқайсымызға жол
ашатындай нəрсе бар ма?
- Жиірек жол ашса, деңіз! – кейбіреулер арқасы қоза дауыстады.
- Талқыны бастау үшін,- сөзін жалғады Арқат,- əуелі тоқушыға
кезіккендей сəттілікті бастан кешкендер сөзін тыңдайық.Арамызда
қ
иналмастан, ақша не құнды зат тауып алған тағы кім бар екен?
Тыныштық орнады. Жиналғандар бір біріне қарап, кім түрегелер
екен деп күткенімен, ешкім шыға қоймады.
- Немене, ондай адам жоқ па? – сұрады Арқат. – Демек, ондай сəттілік
барынша
сирек
болады
екен.
Біреуің
ізденісімізді
қ
алай
жалғастыратынымызды айтсаңдар.
- Мен көрейін,- орнынан жақсы киінген жас жігіт түрегелді. –
Сəттілік турасында айтсақ, ойымызды ойын үстеліне бағыттағанымыз
дұрыс емес пе? Байлықты бір мезетте ұту үшін көптеген адамдар сол
жерде сəттілікке иек артпай ма?
Ол орнына жайғасқанда, жұрт шулап кетті:
- Жалғастыр сөзіңді! Ойын үстелінде жолың болған жайтты өзің
ортаға сал. Сəттілік ойынхана қожайыны есебінен əмияныңды
қ
ампайту үшін жеребе тасының қызыл жағын саған бұрды ма? Əлде,
керісінше, оның көк жағын түсіріп, жинап-тергеніңді бір сəтте
қ
ожайынның қанжығасына байлады ма?
Жас жігіт жұртпен бірге ішек-сілесі қата күлді де, өз жауабын берді:
- Меніңше, пірана,тіпті, менің онда барғанымды да білмесе керек. Ал,
басқалары туралы жауап бере алмаспын. Сіздер оны сондай жерлерден
көрдіңдер ме? Ойын тасын сіздердің пайдаларыңа қарай бұрды ма?


Ондай болса, айтыңыздар, біз тыңдап, үйренейік.
- Əңгіменің басы жаман емес,- араласты Арқат.- Біз мұнда əрбір
туындаған жайтты талдауға келдік. Егер біз ойын үстелін
қ
арастырмасақ, онда көпшілікке тəн, ойынға күміс тиын салып, алтын
құ
йма ұтуға аңсары ауатындардың жайын айналып өтеміз.
- Бұл əңгіме маған кешегі бəйгені есіме салып отыр.- сөзге тағы бір
тыңдаушы араласты.-Егер сəттілік пірі ойынханаға бас сұғатын болса,
онда арбасына алтын жалатылған, шапқан аттары көбіктенген
атжарысқа да бармауы мүмкін емес қой.Арқат, шынын айтшы, кеше
сен Ниневиядан келген сұр аттарға ақша салғанда, ол пір саған не деп
сыбырлады? Мен сенің артыңда тұрып, сұр аттарға салғаныңды естіп,
ө
з құлағыма өзім сенбедім. Ассирияның бір де бір шабандозы біздің
атқораның жылқыларын шаң қаптыруы мүмкін емесін бəріміз секілді
сен де білесің ғой.Мойында, сəттілік пірі саған не айтқанын, өйткені,
соңғы бұрылыста қос қара ат біздің шабандозға кедергі жасап,
ақырында сұр аттар жеңіске оңай қол жеткізді.
Арқат қуақыланған жымыйыспен уəж иесіне қарады.
- Біреудің қандай атқа ақша салғанында сəттілік пірінің қандай
жұмысы бар екен? Меніңше, ол бар болғаны – махаббат пен ұлылық
киесі, кім де кім оған мұқтаж болса жəне еңбегі сіңсе, ол соны
марапаттайды. Мен оны алтындарын ұтқызатын ойын үстелі мен
атжарыстан емес, барынша пайдалы адам қылығы мен мадаққа лайық
орындардан іздеймін.
Жер өңдеп, əділ сауда жасап, қолөнермен айналыса жүріп, пайдаға
ə
руақта кенелуге болады.Бəлкім, мадақ сендерді қадам сайын аңдып
жүрмес,өйткені, адам баласы кейде қателесіп, кейде оның еңбегін
жаманат еш кетіруі мүмкін ғой. Алайда, ол барынша қайсарлық
танытса, онда ақыр соңында ол мадаққа лайықталады, себебі,
сəттілікке деген мұрсат сондайларға ғана тиесілі.
Ал, адам құмар ойындар ойнаса, жағдай мүлдем керісінше
болады,өйткені, бар мұрсат оған қарсы болып, ойын үстелінің
қ
ожайыны жағына шығады. Ойынхана - соның кəсібі, ол ақшасын
ойынға сала отырып, қомақты пайда табуды көздеген жан.Аздаған
ойыншылар ғана өздерінің мұрсатының мейлінше аз екенін сезіп,
ойын кəсіпкерінің пайдаға кенелетінін біледі.
Ойын тасын алайық. Оны лақтырған сайын біз ақша салып, оның
ү
стіңгі бетін болжауға тырысамыз.Егер ол қызыл жағымен түссе,
ойынхана қожайыны бізге салған ақшадан төрт есе көп қаржы береді.
Ал, қалған бес бетінің бірі түссе, біз салымнан айырыламыз. Бұл
дегеніміз -əрбір тастамда біздің бес мəрте ұтылу мұрсатымыз бар
деген сөз, бірақ қызыл жағы төрт есе ұта алатындықтан, бізде төрт


ұ
тыс мұрсаты ғана бар. Бір кеште қожайын барлық салынған соманың
бестен бірін алуға мүдделі. Егер қожайын міндетті түрде бар ақшаның
бестен бірін ұтуды алдын ала ойластырған болса, одан кімнің үміті
болмақ?
- Бірақ біреулер үлкен ақша ұтып жүр ғой, - деп қалды
тыңдаушының бірі.
- Иə, ондайлар болып тұрады,- жауап берді Арқат.- Бірақ ол сəттілік
қ
аншалықты мығым? Бабылдағы менің таныстарым арасында
ауқаттылар жеткілікті, бірақ олардың бір де бірін жетістік жолын
құ
мар ойыннан тапқан ақшамен бастады дей алмаймын.
Бүгін жиналған бəрің де қаламыздың байларын жақсы білесіңдер.
Мен олардың ішіндегі қайсысы өздерін байлыққа жеткізген ойын
ү
стелін атар екен.
Біршама үнсіздіктен соң, отырғандардың бірі қолапайсыздау түрде:
- Ойын үстелінің қожайындары болмаса.- деп қалды.
- Егер ойларыңа басқа ешкім түспесе,- деді Арқат,- онда сендер
туралы сөйлесейік. Араларыңда ойынхананы табыс көзі еткендерің
бар ма?
Жауап ретінде арт жақтан біреудің күңкілі шықты да, оған жұрт ду
күлді.
- Шамасы біз пірі болар сəттілікті басқа маңнан іздеп отырған
секілдіміз,- деп жалғады ол.-Ендеше басқа жерден іздестірейік. Оны біз
жоғалған əмияннан таппадық. Сондай-ақ, ол ойын үстелі маңында да
бола қоймады.Атжарысты алсақ, ондағы ойыннан өз басым ұтқан
ақшадан ұтылғаным көп.
Онан да өз кəсібімізге оралайық.Қайдағы бір сəттіліктен гөрі, өз
еңбегіміздің адал қайтымына иек артатын нағыз табиғи табыс көзі сол
ғ
ой. Менің пайымымша, пірананың сыйлығына сыйынып отырудың
жөні жоқ.Бəлкім, ол бізге өзінен ешбір қайыр күтпеген тосын сəтте жол
ашар. Бұған алып-қосар кімдер бар? Ақшыл киімді егде саудагер
орнынан тұрды:
- Құрметті Арқат мырза, сенің рұқсатыңмен мынаны айтқым келеді:
егер сен айтқандай біз тек өз күшіміз бен қабылетімізге ғана сенсек,
қ
олымызда болып тұрып, сусып кеткен мүмкіндіктер жөнінде
талдасақ. Нағыз сəттілік – өте сирек құбылыс.Ал, қолдан сусыған
сəттілік жайын көбіміз де айта аламыз ғой.
- Ақылды пікір,- деді Арқат,- Араларыңда кім бар, қолға түскен бағы


сусыған?
Көптеген қолдар көтерілді, ішінде əлгі саудагер де бар.
- өзің бастадың, енді өзің бастап баянда болған жайды.- сөз берді
оған Арқат.
- Бір жайтты айтып берейін, ендеше,- деді ол,- Ол жайт адамның
бағы қалай таяп келетінін жəне адамның қаншалықты көзсіз қылыққа
барып, сəттіліктің шорт бұрылып, өкіндіретінін көрсетеді.
Көп жыл бұрын, жас кезімде болатын. Үйленген бойым, тым жақсы
табыс таба бастадым. Əкем келді де, бір іске ақша салуды
ұ
сынды.Оның жақын таныстарының бірінің ұлы қала дуалының
сыртындағы бос жатқан жер бөлігіне көзі түсіпті. Ол жер арнасынан
жоғарыда болғандықтан су бармайды екен.
Ə
кемнің досының ұлы мынадай жоспарын айтты: сол жерді сатып
алып, оған өгіз айналдыратын үлкен үш шығыр орнатып суаратындай
мүмкіндік жасап, жерді алқаптарға бөліп, көкөніс өсірушілерге сату
керек.
Ə
кемнің досының ұлында аталған жоспарды атқаруға алтыны
жеткіліксіз екен.Ол да мен секілді жас əрі табысы көп емес еді. Оның
ə
кесі де менің əкемдей көпжанды жанұясы бар болғандықтан, оған
бөлетін артық қаржысы болмады.Сондықтан ол үлестерін қосатын
адам іздепті. Он екі адамнан тұратын топтың əрқайсысы жер сатуға
даяр болғанша, табыстарының оннан бір бөлігін салу керек
болған.Түсімнен əркім өз салымына сəйкес əділетті түрде үлесін
алатын болған.
- Ұлым, - деді əкем, - Сен əлі жассың. Мен өмір бойы сенің ауқатты да
құ
рметті азамат болуыңды аңсадым.Мен сенің əкеңнің қатесін
қ
айталамауыңды тілеймін.
- Мен де соны тілеймін, əке,- дедім.
- Ендеше менің кеңесімді тыңда. Табысыңның оннан бір бөлігін ал
да пайдалы іске сал.Сол салымның арқасында менің жасыма жетпей-ақ
сен ғұмырыңа жетерлік жағдай жасап аласың.
- Сөздеріңнің жөні бар, əке.Менің сонша байығым келеді.Бірақ менің
кəзіргі табысым шығыннан ауыспай жатыр. Сондықтан күте тұрам,
мен əлі жаспын ғой,үлгерем.
- Сенің жасыңда болғанда мен де солай ойлағам.Енді қарашы: қанша
жылдар өтті, ал мен əлі бастаған да жоқпын.
- Əке, уақытымыз əр заманға жатады ғой.Мен сенің қатеңді


қ
айталамауға тырысам.
- Сенің алдыңда мүмкіндіктің өзі есік ашып тұр.Ол саған баюға
мұрсат беруде.Бұл істі кейінге қалдырмағаның дұрыс.Ертең досымның
ұ
лына бар да, табысыңның оннан бір бөлігін салуға мəміле жасас.Ол
істі күттіруге болмайды.Бүгін сенің мүмкіндігің бар, уыстан шығарып
алма, ұлым.
Мен əке кеңесін тыңдай қоймадым.Дəл осы кезде шығыстан келген
саудагерлер көздің жауын алар киім-кешек əкелген екен,əйеліміз
екеуміз не де болса, алуды ұйғардық.Егер де мен табысының оннан бір
бөлігін салуға келіскенімде,бізге əлгі рахаттан құр қалуға тура келетін
еді.Сөйтіп, мен əлгі істің шешімін əбден кеш болғанша кейінге қалдыра
бердім. Енді осы күнге дейін опынамын.Ал, əлгі іс ойлағаннан да
пайдалы болып шықты.Менің қолдан сусыған бақытым туралы шежіре
осы еді.
- Бұл əңгіме сəттілік берілген мүмкіндікке жармасуға дайын адамды
аңдитынын білдірді,-деп қорытты бидай өңі шөлдаладан екенін
байқатқан кісі,- Өзіңе байлық жинау үшін əруақта алғашқы қадам
жасалуы керек.Ол қадам табыстан жиналған бірнеше алтын немесе
күміс бақырдан тұруы мүмкін.Менің кəзір бірнеше табын малым бар.
Бірақ оның басы бала кезімде жалғыз ғана күміс бақырға сатып алған
құ
нажын сиырдан басталды. Менің байлығым осылай туындады.
Алғашқы қадамды аттау - əркім үшін үлкен сəттілік. Осы қадамды
тəуекел еткен əркім, өз жалақысымен күн көретін қарапайым
жұмыскерден, өз алтынының есебінен өмір сүретін адамға айналады.
Ондай əрекетті əлгі саудагердің əкесі секілділерді айтпағанда, оған
кеш баратындардан гөрі байлыққа алғы қадам жасағандар сəйкесінше
ерте байюға қол жеткізеді.
Егер де біздің саудагер досымыз бұл қадамға сəттілік өзі келіп
тұрған жас кезінде барғанда,ол бүгінде бұдүние игілігін əлдеқайда
молынан иеленер еді.
- Мен де айтайыншы,- шетелдікке тəн дауыс шықты.- Мен
сириялықпын. Сендердің тілдеріңде жақсы сөйлей алмаймын. Саудагер
дос
секілділерді
сіздердің
қ
алай
атайтындарыңызды
білгім
келеді.Сендер онымды əдепсіздік санауларың мүмкін, сонда да сол
сөзді білгім келеді.Егер мен оны өз тілімде айтсам, түсінбейсіңдер.
Сондықтан өзіне пайдалы іс болса да, тындырғысы келмейтін адамды
атасаңдар.
- Жайбасар,- деді біреу.
- Дұрыс,- қостай кетті сириялық, шапалақтарын соғып жіберді.- Ол
келіп тұрған мүмкіндікті көрмейді.Ол күтумен жүреді.Ол жұмысының


көптігін
сылтауратады.Ал
мүмкіндік
ондай
жайбасарларды
күтпейді.Мүмкіндікке кімнің байығысы келсе, соның асығатыны
жағады. Мүмкіндік сəті түскенде асықпаған адам, біздің саудагер дос
сияқты, өзіне өзі жамандық жасайды.
Саудагер орнынан тұрды да, күлімсіреген күйі сириялыққа иіліп
ишара етті.
- Сенің шындықты именбей айтқаның үшін, шетелдік дос, саған
шексіз ризамын.
-
Ал
енді
мүмкіндіктен
айырылған
тағы
бір
хикаяны
тыңдайық.Кімнің айтқысы келеді? – деп сұрады Арқат.
- Мен айтайын,- деді қызыл шапанды орта жастағы кісі.- Мен мал
сатам, негізінен түйе мен жылқы.Кейде қой мен ешкіні де сауда
қ
ыламын.Мен сендерге бір күні маған келген керемет мүмкіндікке əзір
болмағанымды айтайын. Сол себепті де, мен оны бекер жіберіп алған
болармын. Талдап көріңдерші.
Бір күні кешқұрым, он күн бойы түйе іздеп, қалаға қайтып келе
жатқанымда, өкінішке орай, қаланың қақпалары жабылғанын бір-ақ
білдім. Менің құлдарым түнеуге шатырларын тіккенше, маған егделеу
бір малшы келді, ол да қалаға кіріп үлгермепті.
- Аса құрметті мырза, - деді ол маған,- түріңе қарағанда, сен мал
саудагері секілдісің.Солай болса, мен саған жаңа ғана айдап əкелген
керемет бір отар қой сатайын деп едім. Өкінішке қарай, əйелімнің
денесі қызып, жатып қалыпты, соған тезірек жетуім керек.Менің
отарымды солайымен сатып ал, мен құлдарыммен түйелерді жолға
қ
амдап жеделдете аттанайын. Түн болғасын мен қойларды қарай
алмадым,дегенмен,қарамына қарағанда аса көп екені байқалады. Он
күн бойы алуға лайық түйе болмағасын, мен қуана келістім. Ол болса,
асығыс болғасын менің ойымдағы бағаны айтты.Мен ертеңгісін
құ
лдарыммен қалаға отарды айдап кірген бойда қымбат бағаға
сататынымды білдім.
Онымен алақан түйістіріп, мəміле бекіттік те, мен құлдарыма от
алдырып, соның жарығымен қойды санап шықтым. Малшының
айтуынша, қой саны тоғыз жүз болуы керек.Қараңғы түні əрі-бері
қ
ашқан отарды санаудың қияметтігін айтпай-ақ қояйын,достарым. Ол -
мүмкін емес іс екен.Сондықтан малшыға таң ата санап, есептесетінімді
айттым.
- Аса құрметті мырзам,- деп жалынды шаруа.- Бүгін үштен екісін
төлеші, мен жолға шыға берейін.Мен осында ең ақылды да сауатты
құ
лымды қалдырайын, ол саған санауға жəрдемдеседі.Оған сенем,
қ
алған ақшаны соған берсең болады.


Бірақ мен түнде төлемейтінімді айтып, қасарыстым. Таң ата мен
ұ
йқыдан оянып үлгерместен, қақпа ашылған бойдан төрт бірдей
саудагер малшыға лап берді де, отардың бəрін сатып əкетті.Олар
қ
ойды қымбатқа сатып алды, себебі, қаланы сол кезде дұшпан
тарапынан қоршауға алу қаупі төнген еді де, шаруа болса, əр қойға
менен сатылатын үш есе құнын алып,аттанып кетті. Сөйтіп, мен өзі
келген сəттіліктен құр қалдым.
- Ерекше хикая екен,- аңғарғанын білдірді Арқат.- Ал, бұдан қандай
қ
орытынды шығарамыз?
- Егер мəміленің тиімді екеніне көз жетсе, ақысын бірден төлеу
керек болар,- деп қорытты қарт.- егер де мəміле шынында да пайдалы
болса, онда саған ешкім де, тіпті, өзіңнің кемшілігің де зиян келтіре
алмайды.Бəріміз де пендеміз, құбылмалымыз. Кейде дұрыс пікірді
бұрысқа балауға бейілміз.Менің алғашқы əсерім ең дұрыс шешім болып
шығатыны бар. Өзімді өзімнің осал мінезімнен қорғау үшін, артынан
опынбас үшін, мен енді кепілақы қалдыратын боламын.
- Мен тағы да сөйлегім келіп тұр,- сириялық тағы да атып тұрды.-
Мына оқиғалар ұқсас екен. Екеуінде де, мүмкіндік бірдей себептен
кетіпті.Екеуі де кешұғар екен.Екеуі де: «кəзір нағыз сəтті кез, тезірек
шешейін» деудің орнына, ылғи жай ұғып, шешімді кешіктіреді.Сосын
олардан не шықсын?
- Сен дəл үстінен түстің, досым,- деді мал саудагер.- Екі жағдайда да,
сəттілік жайбасарлардан теріс айналды. Оған таңданудың қажеті
жоқ.Жайбасарлық əр адамға тəн. Бəріміз де байлыққа ұмтылғанмен,
соған керек мүмкіндік туып, шешім шығаруға келгенде баяулық еңсені
басып, кейінге қалдырамыз.Соған еркімізді жеңдіріп, өзімізге өзіміз
дұшпандық жасаймыз.
Сириялық досқа ұнаған сөзді өрбітсек, жас кезімде менің
жайбасарлық қылған жерім болмады.Басында мен көп нəрсенің
байыбына бармай, сəтті мəміледен айырылатын болармын деп
ойлағам. Кейін оны өзімнің қырсықтығымнан көрдім. Ақырында оның
неден екенін ұқтым. Жағдай тез арада шешім қабылдауды қажетсінсе
де, кейінге қалдыра түсетін əдетімнен болып шықты.Мен өзімнің сол
мінезімді иттің етінен жек көрем! Мен арбаға жегілген тарпаң
жылқыдай жынданатынмын, ақыры өзімнің сол əдетімді жеңіп,
жетістікке жеттім.
- Рахмет.Енді мен саудагер мырзадан мынаны сұрайын,- сириялық
жігіт əңгімеге тағы араласты,- Сен кедей секілді емессің,байларша
киінген екенсің.Сөзің де бай адамға тəн. Енді бұдан былай, құлағыңда
«асықпа» деген сыбыр тұрса, не істейсің?
- Анау мал саудасымен айналысатын досым сияқты, маған да өз


осалдығымды мойындап, жайбасарлықпен күресуге тура келді,- деді
саудагер.-Мен үшін бұл мінезім, ылғи да ниетімді быт-шыт етуге даяр
дұшпаным болып шықты.Сендерге айтқан хикая көптеген оқиғаның
бірі ғана.Егер дер кезінде байқап қалсаң, ол дұшпанмен күресу қиын
емес.Бір де бір адам қоймасы мен қорасын ұрыға шарлатып қоймайды.
Сол секілді, ешбір іскер өз клиенттерін біреуге қудырып, қарап
отырмайды. Мен де өз дағдым өзіме зиянкес екенін білген сəттен
бастап, одан құтылудың жолын қарастырдым.Сол сияқты кез келген
адам Бабыл байлығындағы өз үлесін алғысы келсе, ішінде бұғып
отырған, өзінің жайбасарлығы мен кешұғарлығынан ажырағаны абзал.
Ал, Арқат, сен бұған не дейсің? Бабылдағы ең бай адам ретінде, сені
жұрт жолы болғыш жан деп те есептейді.Адам жетістікке өзінің
жайбасарлығынан толық құтылу арқылы ғана жетеді десем, менімен
келісер ме едің?
- Сөзіңнің жаны бар,- деді Арқат.- Ұзақ ғұмырымда мен өмірлік
жетістік жолында бір ұрпақ келесісін ауыстырғанына куəмін. Олардың
барлығына да мүмкіндіктер жолығып жатты.Кейбіреулер ғана сол
мүмкіндіктерге жармасып алып, аңсаған тілектерін орындауға қадам
басса, көпшілігі қадамды жай басып,батылсыз əрекетпен соңында
қ
алып жатты.
Арқат енді тоқымашыға бұрылды:
- Сен біздің сəттілік туралы пікірлесуімізді ұсындың.Енді бұл
жайында өзің не дейсің?
- Енді мен сəттілікке басқаша қарайтын болдым. Мен оны өзі
келетін нəрсе деуші едім, -адамға одан артық не керек? Енді білуімше,
сəттіліктің бетін бұру жай шаруа емес екен. Əңгімеден түйгенім –
сəттілік – бар болғаны мүмкіндікті дер кезінде пайдалану
екен.Сондықтан да бұдан былай мен кез келген мүмкіндікті қалт
жібермеуге тырысам.
- Пікірталастағы əңгіменің мəйегін сен жақсы ұғыпсың,- деді Арқат.-
Біз қызығатын сəттілік негізінен мүмкіндікпен еріп келеді, ал басқа
жолмен аса сирек жолығады. Егер сəттілік пірі жолықтырған
мүмкіндікті қолға алғанда, біздің саудагер досымыздың қуанышында
шек болмас еді.Мал сатушы досымыздың да сəттілікке деген қуанышы
қ
ойнына сыймас еді, егер ол бір отар қойды арзанға алып, пайдалы
саудаға кенелгенде.
Біз бұл əңгімені сəттілікті өз жағымызға тартуға жəрдемі тиер
сайман іздестіру үшін бастағанбыз. Меніңше, біз дұрыс жол
тапқандаймыз. Екі хикая да бізге сəттіліктің мүмкіндікке еретінін
көрсетті. Ақиқат та мынада секілді: егер сен мүмкіндікті пайдалансаң,
сəттілік саған күлімсіреп, қолын береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет