Ерік Орындаған: Бердимрат Арсен



бет3/5
Дата31.03.2023
өлшемі205,7 Kb.
#77967
1   2   3   4   5

шешім қабылдау

  • Шешім қабылдау - бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік әрекеттің ерекше сипаты -жауапкершілік сезімін оятады. Шешімге ке­лудің бірнеше жолы белгілі:
  • 1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады.

    2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді.

3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.

4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі

5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, әрекет көзіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мәтелі осының айғағы.

орындау

  • Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет