Қазақстанда ерінгүлді өсімдіктердің жебір туыстыларынан - 27, жыланбас туыстыларынан - 22, көкжалбыз туыстыларынан 16 түр белгілі. Бұлар хош иісті болғандықтан, парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Ежелгі Мысырда жебірмен мәйіт бальзамдалған. Сан алуан эфир жайы көп мөлшерде хош иісті лаванда, гүлшетен, молдавандық жыланбастан алынады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатайдың альпілік белдеулерінде өсетін аталықты жыланбастың жер бетіндегі бөліктерінде 0,4%-ға дейін эфир майы болады. Ол - бал жинағыш өсімдік. Ерінгүлділер ағашы тек тропикте өседі. «Жарғақты хиптис» деп аталатын бразилиялық түрі ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі. Оның биіктігі 12-15 метрге жетелі. Ал өзге ерінгүлді ағаштардың биіктігі 5 метрден аспайды. Ерінгүлді лиана аз мөлшерде тропиктік аймақта кездеседі. Оған америкалық салазария туысын, кейбір томағашөп түрлерін және гавайлық стеночипа туысын жатқызуға болады.