Шығымға есептер Құрамында 10% қоспасы бар 294 г құмнан 100 г кремний алынды.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда өнімнің шығымы(81%)
Көлемі 34 л аммиак өршіткі қатысында тотыққанда 29 л азот (II) оксиді түзілді.Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы(85%)
2,32 г темір қағын сутекпен тотықсыздаедырғанда 1,12 г темір алынса,темірдің шығымы(67%)
Құрамында 4% қоспасы 50 г бар көмірді жаққанда түзілген газды кальций гидроксидінен өткізгенде 350 г кальций карбонаты түзілсе,теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымы-(87,5%)
Құрамында 4% қоспасы 50 г бар көмірді жаққанда түзілген газды кальций гидроксидінен өткізгенде 350 г кальций карбонаты түзілсе,теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымы-(87,5%)
Зат мөлшері 1,5 моль аммиак күкірт қышқылымен әрекеттескенде массасы 63 г аммоний сульфаты түзілді.Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(64)
Көлемі 67,2 л ацетиленді гидраттағанда альдегид алынды.Ол тотығып 157,5 г сірке қышқылы алынды.Өнімнің шығымы-(87,5)
Массасы 16 г алюминий карбиді гидролиздегенде көлемі 6,72 л метан бөлінді.Метанның теориялық мүмкіндікпен алғандағы шығымы-(90)
28 г кальций оксидінен 76 г кальций нитраты алынды.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымы-(93%)
45 кг глюкоза ашығанда,40 кг сүт қышқылы түзілді.Өнімнің шығымы-(88,89%)
Көлемі 10 л азот сутегімен әрекеттескенде 15 л аммиак түзілсе,оның шығымы-(75%)
Массасы 10 г натрий гидроксиді кремний оксидімен әрекеттескенде 11,2 кг натрий силикаты алынды.Натрий силикатының теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(73,4%)
Құрамында 15% изопренді бар көмірсутектің 200кг қоспасынан 6 кг каучук алынды.Каучуктың теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы-(20)
Лабороторияда 25,2 м3 ацетиленнен 18,72 кг бензол алынған,өнімнің шығымы-(64%)
Лабороторияда 129 г хлорэтаннан 85 г этанол алынған,алынған этанолдын шығымы-(92,4%)
Көлемі 300 л табиғи газдан ацетилен алынды.Газдағы метанның көлемдік үлесі 96%.Егер шығымы 65% болса,қанша көлем ацетилен түзілді(93.6 л)
Өнім шығымы теориялық мүмкіндікпен 75% құрайтын болса,тұз қышқылының артық мөлшері 5,4 г алюминиймен әрекеттескенде бөлінетін сутек көлемі(5,04 л)
1 т целлюлозадан 1 т целлюлоза трицетаты алынған болса,өнімнің шығымы(0,562%)
19.Көлемі 3 л азот пен сутекті әрекеттестіргенде 0,75 л аммиак алынады.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда аммиактың шығымы (12,5%)
20.61,25 калий хлоратын қыздырып айырғанда шығымы 65% болса түзілген газдың көлемі (10.92л)
21.Зат мөлшері 1,5 моль этиленді сумен әрекеттестіргенде,зат шығымы 80% болған жағдайда этанолдың қандай массасы алынатының есепте (55,2 г)
22.100,8 л этиленнен алынатын (өнімнің шығымы 78%) этиленглюкольдің массасы (233 г)
23.Этаннан шығымы 85% этилен алынды.Этиленнен көлемі 0,606 л,тығыздығы 1,24 г/мл дихлорэтан еріткіші алынған болса,этиленді түзуге жұмсалған этанның көлемі (200 л)
24.Шығымы 80%, көлемі 2,24 л көміртқышыл газы әк сүтінен өткізілгенде тұнбаның массасы (8 г)
25.Өнімнің шығымы 75% болса,көлемі 4,48 л көмірқышқыл газын әкті сумен әрекеттестіргенде түзілген тұнбаның массасы (15 г)
26.Массасы 80 г әктас қышқылдың артық мөлшерімен әрекеттескенде 32 г көмірқышқыл бөлінді.Өнімнің шығымы (91%)
27.Массасы 50 г мыс пен мыс оксидінің қоспасын сутекпен тотықсыздандырғанда 8,1 г су түзілді.Практикалық шығымы 90 % болғанын ескерсек,бастапқы қоспадағы мыстың шығымы(20%)
28.Массасы 147 г магний карбонатын қатты қыздырғанда 60 г магний оксиді түзілді.Магний оксидінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы (85.71%)
29.Құрамында 20% қоспасы бар,массасы 400 г кальций карбидінен алынатын шығымы 80% болғандағы ацетиленнің көлемі (89.6 л)
30.Көлемі 5,6 л азоттан алынған,шығымы 20% аммиакты тұз қышқылынан өткізгенде пайда болған тұздың массасы (5,4 г)
31.Егер шығымы 50%,ал картоптағы крахмалдың массалық үлесі 20% сыйымдылығы 50 кг болатын 5 қап картоптан алынған глюкоза массасы (27,78 кг)
32.Массасы 120 г темір оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (80%)
33.5,2 г бензол броммен әрекеттескенде 9,7 г бромбензол алынды.Өнімнің шығымы (92.73%)
34.Егер өнімнің шығымы 70% болса,онда 30 л сутек көміртекпен әрекеттескен кезде түзілген метанның көлемін анықтаныз (10.5 л)
35.Егер өнімнің шығымы 11% болса,онда 30 л азот сутекпен әрекеттескен кезде түзілген аммиактың көлемін аңықтаныз (6,6 л)
36.14,2 г фосфор оксиді мен судың әрекеттесуі нәтижесінде 18 г қышқыл түзілген болса,өнімнің шығымы (91.83%)
37.Өнімнің практикалық шығымы 78% болса,0,36 моль тотықтырғыш калий перманганаты мен тұз қышқылы әрекеттескенде бөлінген газ көлемі (15,72 л)