Тұздар
Сілтілер
HCl, HBr, HI
H2SO4
HNO3
HClO4, HClO3
H3PO4
HF
HNO2
H2SO3
Органикалық қышқылдар
Н2S
H2SiO3
H2CO3
HCN
диссоциацияланған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.
Электролиттік диссоциация (α) дәрежесі - деп α = n N Күшті электролиттер α > 30% Әлсіз электролиттер
α< 30% Температураны көтерген сайын диссоциациялану дәрежесі артады Концентрацияны көтерген сайын электролиттердің диссоциациялану дәрежесі кемиді
Диссоциациялану Константасы
Әлсіз электролиттің иондарға ыдырау қабілеттілігін көрсетеді
Күшті электролиттер ерітінділеріндегі иондар күйін сипаттау үшін олардың активті концентрациясы а (моль/л) деген ұғым енгізілді.
Бұл шама ерітінділердегі иондардың бір-біріне әсерін есепке ала отырып, электр өткізгіштіктің, қату температурасының төмендеуі мен қайнау t жоғарлауының дәл мәндерін анықтауға мүмкіндік береді. Активті концентрация иондардың шартты концентрациясы, ол күшті электролиттің молярлы концентрациясымен келесі өрнек арқылы байланысады:
a = f CM
Мұндағы: f –активтілік коэффициенті, ерітіндідегі барлық иондардың валенттілігіне және концентрациясына тәуелді, сондай-ақ электр өрісінің интенсивтілігіне және ерітіндінің иондық күшіне байланысты:
Электролиттің диссоциациялану дәрежесі концентрацияға тәуелді, концентрация төмендеген сайын α жоғарлайды.
Электролиттік диссоциация қайтымды үрдіс болғандықтан, химиялық тепе-теңдік заңдарын қолдануға болады. Бұл процесс әрекеттесуші массалар заңына бағынып, электролиттік диссоциациялануды сипаттайтын тепе-теңдік константасы болу керек. мысалы:
СН3СООН → СН3СОО- + Н+
Бұл тепе-теңдік константасын диссоциациялану константасы деп атайды. Ол электролиттің иондарға диссоциацияланғыштық қабілетін көрсетеді.
Электролиттің бастапқы концентрациясын С арқылы, диссоциациялану дәрежесін α арқылы белгілесек, жүйеде диссоциацияланған иондардың концентрациясы αС, ал диссоциацияланбаған молекулалардың конц-сы (1-α) С болады, яғни
[H+]=[CH3COO-]=αC; [CH3COOH]=C- αC=C (1-α)
Онда диссоциациялану константасы:
Диссоциация тұрақтысы электролит табиғатына және температураға байланысты. КД жоғары болса, электролит иондарға жақсы ыдырайды
Вильгельм Оствальд (Ostwald W.F.) (2.IX.1853 - 4.IV.1932) Оствальдың сұйылту заңы K ~ α2 C Ерітіндіні сұйылту кезінде диссоциация деңгейі жоғарылайды K = α2 C/ 1- α α <<1
Әлсіз электролиттер үшін α → 0 жақын, сондықтан 1- α өрнегіндегі α –ны есепке алмаймыз, (1- α) ≈1 және
Бұл тәуелділікті Оствальдтың сұйылту заңы деп атайды. Бұл теңдеуден
α=√
Демек концентрация азайса, α –артады.
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.
Су әлсіз электролит болғандықтан өте аз мөлшерде сутек және гидроксид иондарына ыдырайды:
Н2О ↔ Н+ + ОН-
Сутек иондарының концентрациясы ерітіндінің қышқылдығын, ал гидроксид иондарының концентрациясы сілтілігін көрсетеді.