Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализаторда өсімдік майларын төмен температурада гидрлеу



бет12/15
Дата27.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#45638
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Есептер

  1. Құрамында 97 % метан бар табиғи газдың жұмсалу коэффициентін есептеңіз. Метан ацетальдегидтен 1 тонна сірке қышқылын алу өндірісінде қолданылады.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда метаннан ацетиленнің шығымы – 15 % , ал ацетиленнен ацетальдегидтің шығымы – 60 % , ал ацетальдегидтен сірке қышқылының шығымы – 90 % құрайды.

  2. Анализ бойынша техникалық кальций карбидінің құрамы: СаС2 -78% , СаО- 15%, С-3% , басқа қосындылар-4% .

Есептеуді 1 тонна техникалық өнімге жүргізу керек. Әктастың құрамында СаО-96,5%. Кокстың құрамы: күл-4%, ұшқыш зат-4%, ылғал-3%. Кальций карбидінің өндірісіндегі жұмсалу коэффициентін анықтаңыз.

  1. Этиленді тікелей каталитикалық тотықтыру арқылы этилен оксидін алу өндірісінің материалдық балансын құрыңыз. Бастапқы газ қоспасының құрамы: этилен-3%, ауа-97%. Этиленнің тотығу дәрежесі х-0,5. Есептеуді 1 тонна этилен оксидіне жүргізу керек.

  2. Егерде өзгеру коэффициенті 0,91 тең болса, 0,1 м3 құрғақ ацетилен алу үшін қажетті кальций карбидінің массасын есептеңіз?

  3. Ацетиленді алу әдістерінің бірі – метанды термиялық тотықтыру крекингі (пиролиз). Осы реакцияның стандартты жылуын 298 К температурада есептеңіз?

  4. Егерде түзілу жылулары (кДж/моль): ацетилен-(-226750); су-(-241840); ацетальдегид –(-166590) тең болса, Кучеров реакциясы негізінде ацетальдегид алу реакциясының жылу эффектісін есептеңіз? Массасы 1 т альдегид түзілгенде бөлінетін жылуды есептеңіз?

  5. Қазіргі кезеңде өндірісте ацетиленді алудың төрт әдісі бар. Әртүрлі шикізаттан алынатын ацетилен синтезінің реакция теңдеулерін жазыңыз және карбидті әдіске қарағанда, тотықтыру пиролизі арқылы алынған ацетиленнің бағасы 35% төмен болатынын түсіндіріңіз?

  6. Егерде ацетиленнің шығымы - 97%, сірке альдегидінің шығымы -95%, сірке қышқылының шығымы -96% болса, құрамында 85% СаС2бар кальций карбидінің 1 т сірке қышқылы үшін жұмсалу коэффициентін есептеңіз?

  7. Егерде түзілу жылулары (кДж/моль): кальций карбиді-(-62700); су-(-241840); кальций оксиді-(-635100); ацетилен-(-226700) тең болса, кальций карбидінен ацетилен түзілу реакциясының жылуын анықтаңыз?

  8. Карбидті әдіспен алынатын ацетиленнің концентрациясы жоғары -99% (көлем бойынша), бірақ азот, фосфор, күкірт қосылыстарының аздаған мөлшері ацетиленді одан әрі өңдеуге өте зиян келтіреді. Олардан тазалау үшін натрий гипохлоридінің ерітіндісін қолданады. Зиянды қосылыстардың мөлшері: 500 мг/м3 РН3; 300 мг/м3 Н2S; 200 мг/м3 NH3. Практика жүзінде 1 г зинды қосылыстарды жою үшін 5,5 г натрий гипохлориді қажет екені анықталған. Көлемі 1000 м3 ацетиленнен барлық зиянды қосылыстардан тазарту үшін қанша натрий гипохлориді қажет?



Әдебиеттер

1. С.И. Миллер Ацетилен, его свойства, получение и применение / Пер. с английского. — М.: «Наука», 1969. — 680 с.


2. Общая органическая химия. Стереохимия, углеводороды, галогенсодержащие соединения = Comprehensive Organic Chemistry / Под ред. Д.Бартона и В.Д.Оллиса. — М.: «Химия», 1981. — Т. 1. — С. 257-270.
3. О.Н.Темкин, Г.К .Шестаков, Ю.А Трегер. Ацетилен: Химия. Механизмы реакций. Технология. — М.: «Химия», 1991. — 416 с.
4. О.Н.Темкин, Р.М Флид. Каталитические превращения ацетиленовых соединений в растворах комплексов металлов. — М.: «Наука», 1968. — 212 с.
5. Б.А. Трофимов Гетероатомные производные ацетилена. — М.: «Наука», 1981. — 319 с.
6. Henning Hopf Polyynes, Arynes, Enynes, and Alkynes / Houben-Weyl Methods of Organic Chemistry. Series — 850 p.
7. Б.Н.Долгов, Катализ в органической химии, Ленинград, Госхимиздат, 1959. с.516.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет