Қатты денелердің деформациясыДене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі дефорация деп аталады. Сыртқы күштер әсері тоқталғаннан кейін толық жойылатын деформациялар серпінді деформациялар,ал жойылмайтын деформациялар пластикалық деформациялар делінеді. Созылу деформациясы кезіндегі абсолют ұзару ∆е=е-е0 шамасының бастапқы ұзындыққа қатынасы салыстырмалы ұзарту деп аталады. ε = ∆е\е0
Серпімділік күші. Гук заңы. Кез келген нақты дене оған түсірілген күштің әсерінен деформацияланады, яғни, өзінің көлемі мен формасын өзгертеді. Егер күш әсері тоқтатылғаннан соң дене өзінің бастапқы көлемі мен формасына қайтып оралса, деформация серпімді деп аталады. Серпімділік күші мен деформация арасындағы пропорционалдық туралы ұйғарым Гук заңы деп аталады. Гук заңы. Серпімділік модулі. Серпімді деформация мен материалдардағы ішкі күштердің арасындағы байланысты тұңғыш тағайындаған ағылшын ғалымы Р.Гук. Гук заңының тұжырымдамасы мынандай: серпімді деформацияланған денедегі механикалық кернеу осы дененің салыстырмалы деформациясына тура пропорционал. формуласы F=kx
Достарыңызбен бөлісу: |