Де Бройль толқындары Луи Де Бройль (1892) - француз физигі, квант механикасын жасаушысы Де Броль толқындары - қозғалыстағы кез келген бөлшекпен байланысы және оныңквантттық табиғатын бейнелейтін толқын
Эйнштейн Планк идеясын дамыта отырып, мынадай болжам ұсынды: жарық тек үздікті түрде шығарылып (жұтылып) қана қоймай, ол кеңістікте үздікті кванттар ағыны түрінде тарайды. Үздіктілік(дискреттік) – жарықтың өзіне тән қасиет. Кейіннен кванттар фотондар деп аталды. Жарық фотоны басқа бөлшектермен тұтас бөлшек ретінде әсерлеседі, яғни жарыққа корпускулалық қасиет те тән. Жарықтың корпускулалық қасиетінің екінші бір қырын 1922 жылы америкалық физик А. Комптон (1892–1962) жарықтың бос электрондарда шашырау құбылысында (қараңыз Комптон эффектісі), фотон мен электронның серпімді соқтығысуын зерттейтін тәжірибеде байқады. Мұндай соқтығысудың кинематикасы мен динамикасы энергия мен импульстің сақталу энергиясынан басқаnзаңдарымен анықталады. Осыдан барып фотонның =h /cn=hlp=h/ –lимпульсінің болуы керектігі туындайды ( толқын ұзындығы, с – жарық жылдамдығы). Фотонның энергиясы мен импульсі =c×p өрнегімен байланысқан. Сонымен қатар интерференция, дифракция, поляризация құбылыстарын зерттеу кезінде жарықтың толқындық қасиеті де анық байқалған. Жарықтың екі жақтылық қасиетін =nh өрнегінен байқауға болады. Бұл өрнекте – толқынға тән шамалар. Бұдан логикалық қайшылық туындайды: бірn– бөлшекке, ал құбылысты түсіну үшін жарық – бөлшек, ал екіншісін түсіну үшін жарық – толқын ретінде қарастырылуы тиіс. Жарықтың осы қасиетінің микробөлшектерге де тән екендігі жөнінде 1924 жылы француз физигі Луй де Бройль (1892–1987) толқындық қасиет – тек жарық фотондарына ғана емес, материяны құрайтын барлық бөлшектерге (электрондар, протондар, мезондар, т.б.) тән қасиет деген болжам айтты (қараңыз Де Бройль толқындары
Достарыңызбен бөлісу: |