Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
кезеңі
Қызығушылықты ояту
8 мин
|
1.Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, сабаққа сәттілік тілеу. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру: - «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі қандай? -Қандай бейнелеу құралдарын таптыңдар? -Бұл жырдың кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығы қандай?
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін білдіреді.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
|
«Жарайсың!», «Жақсы!», «Талпын!» сөздерімен бағалау.
|
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2017.
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин
|
1.Жиембет жырау Бортоғашұлының өмір жолынан мәлімет беріліп, кластер толтырылады. 2.Жыр, жыршы, жырау, толғау туралы әдеби-теориялық түсінік беріледі.
1-тапсырма Шығармадағы кейіпкерлерді анықтаңыз. Шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғысынан талдаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
|
Жиембеттің өмір жолы мен шығармашылығынан мәлімет алады. Теориялық ұғымдарды түсінеді.
Шығармадағы кейіпкерлер Жиембет пен Ер Есімнің тұлғалық болмысын танытатын үзінділерді іріктейді, бойындағы қасиеттерін талдайды.
|
Дескриптор:
-автордың өмір жолы мен шығармашылы-ғын түсінеді-1; -теориялық ұғымдарды меңгереді-1..
- шығармадағы кейіпкерлер Жиембет пен Ер Есімнің тұлғалық болмысын танытатын үзінділерді іріктейді-4; -олардың бойындағы қасиеттерін талдайды-2. -өз пікірін білдіреді-2.
|
Оқулық, жазу дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Шығу парағы»
1.Бүгін не үйрендің?
2.Сабақ бойынша нені түсінбедің?
3.Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?
|
-сабақтан не түсінгендерін айтады; - кері байланыс жасайды; -келесі сабаққа ұсыныс тастайды.
|
Білім алушылар сабаққа қатысына қарай 1-10 балл деңгейінде бағаланады.
|
Стикерлер
|