101
Сурет 16 - Суретке қарап ой-толғау
Оқушылар 16-сурет арқылы проблемалық сұрақтар арқылы бүгінгі
сабағымызда «ақша» мен «пайыз» терминдеріне байланысты есептер
шығаратындығын түсінді. Сонымен қатар кейбір қабілетті оқушылар бұл
ұғымдардың әрбір жанұяда маңызы мәселелердің бірі екендігін атап өтті.
Үй тапсырмасын
«Доп қағу»әдісі
бойынша тексеремін. Сыныптағы кез-
келген оқушы допты қағу арқылы қойылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.
Осылайша бірнеше оқушыдан сұраймын.
Үй тапсырмасын тексеруде Tarsia қосымшасын пайдаланып топтық жұмыс
беремін (сурет 17). Tarsia оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни
ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан
қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: