Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Жауабы
Автобусқа 245 теңге төленді. 
Бұл есепті біз оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында 
тапсырмаға қосымша шарттарды енгізіп, үш топқа «Түркістан», «Алматы», 
«Шымкент» қалаларының жолақы құнын және ересектер мен оқушылардың 
жолақы құнын анықтау керектігін ұсынамыз. Есеп шығару барысында оқушылар 
қала арасында жолақы құнының айырмашылықтарын біліп, мәтінді есептерге 
әріпті өрнектерді құрып мәнін табуды және әр қала бойынша шыққан нәтижені 
салыстыруды үйренеді. 
Дәл осындай мәтінді есептерді шешу бойынша 5 сыныпта «Натурал саны 
және нөл саны» тарауы бойынша «Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді 
есептерді шығару» тақырыбын оқытудың әдістемесіне тоқталайық. Тақырып 
бойынша үлгілік оқу бағдарламаға сай оқу мақсаттары қойылған. 
Оқу мақсаттарына сай сабақтың негізгі мақсатында оқушыларды 
«
Формула» терминімен таныстыру, есептің мәтіні бойынша формула құруды, бір 
шаманы екінші шама арқылы өрнектеуді, кесте бойынша формула құруды
формула бойынша есеп шығаруды үйренеді. 
Сабақта оқулықта берілген жаттығулармен жұмыс жасаймыз. Оқулық бұл 
оқу процесін ұйымдастырудағы басты құралымыз болып табылады. 
Оқушылардың көзделген оқу мақсаттарына жетуі үшін 5-сынып математика 
оқулығында А деңгейінде №92, №93 жаттығулардағы мәтінді есептерде 
формуланы қорытып шығару керектігі айтылған [133, б.39].
№92 жаттығу.
Егер қ - тауар құны, б = оның бағасы және м - тауар мөлшері 
болса, онда 
к б м
= 
. Осы формуладан 1) тауар мөлшері мен құны арқылы 
бағаны; 2) тауар бағасы мен құны арқылы мөлшерін өрнектеңдер. 
Бұл тапсырманы орындаудан алдын оқушыға түсінікті болу үшін, осы 
жаттығуға ұқсас бір есепке мысал келтіре отырып, сол мысалдан формуланы 
қорытып шығарамыз. 
1-мысал. 
Құмыраның бағасы 2800 теңге, оны өндірудің өзіндік құны 2460 
теңге. 10 құмыраны сатудан қандай пайда түседі? 
Бұл мысалды біз «Футболист» ойыны арқылы проблемалық сұрақтар қою 
арқылы орындаймыз. Әрбір сұраққа дұрыс жауап беру арқылы допты қақпаға 
салу қажет. 
Есепті шешудің бірінші кезеңінде «шығын» және «пайда» ұғымдарының 
мағыналық 
мазмұны 
ашылады, 
қарастырылып 
отырған 
қаржылық-
экономикалық ұғымдар арасындағы байланыс орнатылады. Есептегі 
проблемалық жағдай төмендегі кестедегідей талқыланды (кесте 20). 


113 
Кесте 20 - Есепті талқылау 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушының іс-әрекеті 


Есептің шартын оқып, одан тауар өндіру 
бойынша ұғымды көрсетіңіз. 
Өзіндік құны 
Бұл ұғым қандай екі сөзден құралған? 
«Өзіндік» және «құн», дәлірек айтқанда, 
«өзіне құн». 
«Өзіндік», тапсырмада бұл кімге арналған? Құмыра шығаратын кәсіпорын. 
«Құмыра шығару құны 2460 теңге» деген 
сөзді қалай түсінесіз? 
Демек, 
бір 
құмыраны 
өндіру 
кәсіпорынға 2460 теңге шығын әкеледі. 
Өндіріс орны бұл ақшаны не үшін жұмсады 
деп ойлайсыз? 
Материалдарды, 
құрал-жабдықтарды 
сатып алғаны үшін, жұмысшылардың 
жалақысы, көлік шығындары, электр 
энергиясы шығындары. 
Құннан 
басқа 
қандай 
мөлшерлер 
проблемалық жағдайды сипаттайды? 
Баға және пайда. 
«Пайда» сөзін мағынасы жағынан қандай 
жақын сөздерді білесіз?
Өсу. Табыс. Кіріс.
Кәсіпорын бұл табысты ненің есебінен 
алады?
Табысты құмыраның сатылу бағасы 
оның 
өзіндік 
құнынан 
жоғары 
болғандықтан.
Берілгені: Бағасы - 2800 тг, өзіндік құны – 2460. 
Табу керек: 10 құмыраны сатудан түскен пайданы 
Шешуі.
2800

10 = 28000, 
2460

10 = 24600, 
28000 – 24600 = 3400. 
«Баға» - Б, «құн» - Қ, «пайда» - П деп белгілеп, формула құрастырдық.
1) Б = Қ + П. Бұл формуладан оқушылар сату бағасы өзіндік құнынан 
жоғары екендігін түсінді.
2) П = Б - Қ. Пайда сату бағасы мен өзіндік құнның айырмашылығы болады. 
Осы мысалдан соң, №92 жаттығуға қайта оралып, формуланы өрнектейміз. 
к б м
= 
, қ - тауар құны, б = оның бағасы және м - тауар мөлшері болса, осы 
формуладан төмендегілерді табамыз: 
1) 
К
Б
М
=
тауар мөлшері мен құны арқылы бағаны;
2) 
К
М
Б
=
тауар бағасы мен құны арқылы мөлшерін. 
Осы тақырыпты оқытуда мәтінді есептерді шығару процесін біз белгілі бір 
кезеңдерден тұратын адамның белгілі бір әрекеті деп түсінеміз.
5 сыныпта пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару барысында 
«пайыз» ұғымының күнделікті сауда-саттық жасауда маңыздылығы бар 
екендігін 
оқулықтағы тапсырмалар арқылы үйретуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет