Ерланов Ильнур Нұрланұлы 2009 жылы 13 маусым күні Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы «Лада» балабақшасында тәрбиеленген. Ол алғаш 2015 жылы Өскемен қаласындағы №35 орта мектептің табалдырығын аттаған. Қазіргі кезде сол мектептің 8-сыныбында білім алады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Осындай бақытты отбасылардың бір Ильнурдың жанөясы дер едік. Әжесі Даирбекова Самиға – немерелерімен уақыт өткізіп тәлім-тәрбиесін дарытқан зейнеткер. Тұлғасы қайратқа тұнған әкесі Даирбеков Нурлан Ерланович – жүргізуші болып қызмет атқарады. Махаббат пен мейірім есігі болған анасы Даирбекова Асель Шохановна – қойма меңгерушісі болып қызмет атқарады. Арқа сүйер ағасы Ерланов Ильфат – Алматы қаласында ЕТУ университетінің 3-курсында оқиды. Бауыры Ерланов Дильшат – №19 орта мектептің 2-сынып оқушысы, футбол үйірмесіне қатысатын спортшы. Қарындасы Нұрланқызы Дильназ – Өскемен қаласындағы №35 орта мектептің 5-сынып оқушысы, би және сурет өнерімен айналысады.
Ұшқанда қиял таңына
Адам боп шықсын ең кемі.
Маман боп олар тағы да
Болады елдің ертеңі! – деген өлең жолдары Ильнур
Ильнурдың футболға деген қызығушылығын арттыруынан ол 2019 жылдан бастан футбол үйірмесіне қатысады.
2018 жылы арифметика үйірмесіне жазылып кейінірек
Сүйікті ісі достарымен футбол ойнау , бос уақытында футбол, волейбол ойнайды .
2018 жылдан бастап ол вокал үйірмесіне қатысқан.
Өскемен қаласы бойынша дебат лигасының басшысы.
Жұлдызды сәттері: Жалпы білім беретін пәндер бойынша тарих пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанған;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша тарих пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы атанған;
Жасөспірімдер арасындағы футболдан Қазақстан кубогы жеңімпазы;
«Асыл тас», «Малахит» математика пәні бойынша қалалық жарыстардың жеңімпазы;
Сонымен бірге көптеген қалалық жарыстардың жүлдегері атанған.