Сабақтың мақсаты: Қазақстанның белгілі спортшылары туралы мәлімет алу.
1.Сан есім мен етісті пысықтау. Қазақстан спортшыларына байланысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2.Тақырып бойынша спортшылар туралы айтып , пікір алысу.
жүргізуге үйрету, Қазақстанның белгілі спортшыларының данқын көтеру, үлгі алуға тәрбиелеу.
Жақсылық Үшкемпіров
1951 жылы туған.
Жақсылық Үшкемпіров - еркін күрестен Қазақстан чемпионы,
грек – рим күресінен КСРО – ның екі дүркін чемпионы , әлем чемпионаты мен кубогының жеңімпазы, КСРО – ның еңбек сіңірген спорт шебері.Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында қарсыластарының бәрін жеңіп, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіров үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Серік Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.Ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , екі мәрте Еуропа чемпионы , әлем кубогының екі мәрте иегері , бокс бойынша әлемдік чемпионаттың күміс жүлдегері , КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. 1986 – 1992 жылдарда Қазақстан құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы болған. 1992 жылдың тамыз айынан бастап кәсіби бокс Федерациясының президенті болып тағайындалды.Қазақ туризм және спорт академиясының профессоры.
1 қаңтарда .... туып өскен. Ермахан Ибраимов 1996, 2000 жылдары Қазақстан …. алып жүрді. Оның орташа …. 71кг.1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000жылы Сиднейден алтын медальмен …. . 2000 жылы «Барыс» …. және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен …. . 2002 – 2004 жылдар аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша …. болып жұмыс істейді.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: Олимпиада алауын, бас бапкері, оралды, марапатталды, салмағы, Жамбыл облысында, орденімен.
Сан есім заттың ретін, саның, мөлшерін қатарын білдіреді. Сұрақтары: неше? қанша?
Есептік сан есім: заттың нақты, дәл саны – неше? қанша ?
Реттік сан есім: заттың қатар саны – нешінші ? –ыншы, -Інші.
Жинақтық сан есім: заттың жиынтық саны. нешеу? -ау, -еу.
Болжалдық сан есім: заттың саны нақты емес. нешелерде?
қай шамалы?
Топтау сан есім: белгілі топтағы заттың саны. – нешеден?
Үш - үштен.
Болшектік сан есім: заттың бөлек саны. нешеуі? екіден бірі.
Етіс қимыл мен орындаушының арасындағы байланыс. Сұрақтары: не істеді? не қылды? не істелінді? не істетті? не қылысты?
Өздік етіс қимыл иесі істі өзі атқарады. Не істеді? не қылды?
Түбір етістікке + -ын,-ін,-н + ж/жалғау
Өзгелік етіс қимыл иесі істі біреуге орындатады.Не істетті?не қылғызды?