Ерназаров Дархан.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану мамандығының 4 курс студенті



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі443,23 Kb.
#20018
  1   2   3
Байланысты:
sciPaper17272



Ерназаров Дархан. -әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  

дінтану мамандығының 4 курс студенті 

                                        ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Мұқан Нұрзат 

 

Мұсылман әлеміндегі ғылымның орны 

 

Адамзаттың қазіргі биігінен кӛз салсақ, тарих кӛшінің бет алысын түзеп, 



әлемге  ұлы  ӛзгеріс  енгізген  ірі  құбылыстарға  куә  боламыз.  Соның   бірі 

Ислам  діні  екені  белгілі.  Бақытқа  бастаймыз  деп  ұрандатқан  күллі  идеоло-

гиялардың  тоқырауға  ұшырауы  жаңа  ізденістерге  жол  ашып,  жыл  ӛткен 

сайын Ислам діні әлемге кеңінен таралуда. Бүгінгідей жаһандану ғасырында 

мәдени-рухани  фактор  ретінде  Ислам  дінінің  маңызы  неліктен  еселеп 

артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары 

не? Осы сауалдарға мүмкіндігінше жауап іздеп кӛрейік. 

Алғашқы  бұйрығы  «Оқы!»  деп  келген  Ислам  діні  ең  әуелі  адамзатты 

білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да 

қоса  зерделеуге  шақырып,  Ұлы  Шебердің  құдіретіне  саналы  түрде  бас 

идірді. Қасиетті Құрандағы «Раббым, білімімді арттыра гӛр!» («Таһа» сүресі, 

11-аят) деген аяттары, сондай-ақ хадистерде «Ғалымдар - Пайғамбарлардың 

мирасқорлары» (Әбу Дауыд), «Тал бесіктен кӛр бесікке дейін білім іздеңдер» 

(Әл-Ажлуни)  деген.  Ғылым  жайындағы  аят-хадистерді  кӛкейге  түйген 

мұсылмандар  ілім  үйренуге  талпынып,  сауаттылықты  барынша  жаюға 

тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды 

босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға 

жұмылдырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған.(1,2) 

Білім-ғылымның  орны  ерекшеленді,  мысалы:  он  шақты  яһуди  хазреті 

Әлиге  (ғ.с.)  келіп:  «Ғылым  артық  па,  әлде,  дүние  артық  па?»  -  деп  сұрақ 

қояды. Тӛртінші халифа бұл сұраққа былайша он түрлі жауап береді. 

Бірінші, ғылым артық. Ӛйткені, ғылым – пайғамбарлардан қалған мирас, 

ал дүние – Перғауынның мирасы.  

Екінші, ғылым сені сақтайды, ал дүниені сен сақтайсың. 

Үшінші, ғылымның досы кӛп, ал дүниенің дұшпаны кӛп. 

Тӛртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, дүниені жұмсасаң азая береді. 

Бесінші,  ғылым  саған  құрметті  атақ  береді,  ал  дүние  сараң  деген  ат 

қалдырады. 

Алтыншы, ғылым сені асыраса, ал дүниені сен асырайсың. 

Жетінші, ғылым қиямет күні иесіне шапағат етеді, ал дүние иесіне есепсіз 

жауап бергізеді. 

Сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Дүние болса, қолдың кірі, ӛледі, 

жоғалады. 

Тоғызыншы, ғылым кӛңілді нұрландырады, ал дүние масаттандырады. 

Оныншы,  ғылым  адамға  ғибадат  еткізеді,  ал  дүние  иесінің  кӛңіліне 

тәкәппарлық салады,-деп тапқырлық танытыпты.(7) 




Мұсылмандар  ислами  ілімдермен  қатар  медицина,  математика, 

астрономия,  химия,  философия,  тарих,  география  секілді  жаратылыс 

пәндерін  де  дамытқан.  Тарихқа  үңілсек,  батыстықтардан  бұрын  кӛптеген 

ғылыми  жаңалықтарды  мұсылман  ғалымдардың  ашқанына  куә  боламыз. 

Айталық, алғаш күн сағатын ойлап тапқан Жабир ибн Әфлаһ (орта ғасырда), 

атом  бомбасы  жайлы  алғаш  түсінік  берген  Жабир  ибн  Хайян  (721-805), 

автоматтық  жүйені  алғаш  ойлап  тапқан  Жәзари  (1136-1206),  зоологиялық 

энциклопедия  кітабын  жазған  Мұхаммед  ибн  Муса  (1349-1405),  тригономе-

трияға тангенс, котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан Әбул 

Уәфа  (940-998),  алгебра  кітабын  жазған  әл-Хорезми  (780-850),  агрономия 

саласында  тұңғыш  еңбек  жазған  Ибн  Аууам  (ХІІ  ғ.),  алғашқы  қағаз 

фабрикасын  құрған  Ибн  Фазыл  (739-805),  ішек,  құрт  микробын  тапқан 

Камбур Уасим (?-1761), Жер шарының диаметрін алғаш ӛлшеген Мұхаммед 

ибн  Мұса,  алгебрадағы  «Бином»  формуласын  тапқан  Омар  Хайям  (?-1123), 

қазіргі  дүниежүзі  картасына  ӛте  жақын  кейіпте  дүниежүзі  картасын  сызған 

Пири Рейс (1465-1554), алғаш ұшақ жасаған Ибн Фирнас (?-888), тұңғыш рет 

компасты ойлап тапқан (Кабажаки ХІІІ ғ.), тарих ғылымын алғаш жүйелеген 

Ибн  Халдун  (1332-1406),  химия  саласында  Кантитаф  тәсілін  ашқан  Әбул-

Қасым әл-Каши  (?-1436),  1000 жыл бұрын  майда  тамырларды  тауып,  алғаш 

рет  рак  ауруына  операция  жасаған  Әли  ибн  Аббас  (?-994)  секілді  жүздеген 

ғалымдар мұсылмандар еді.(4) 

Ислам  дінінің  кең  жайылып,  ӛркендеу  ғасырларында  білім-ғылымның 

дамуына елеулі ықпал етті. Мұсылмандықтың қайнар кӛзі болған құран мен 

хадистерде  білім-ғылымға  ден  қойылып,  ғалымдардың  дәрежесін  жоғары 

қойған.  Бірақ  мұсылман  әлеміндегі  ғылымның  орны  тарихи  процестерде 

әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар нәтижесінде ӛркендеу шыңымен қатар 

құлдырап  та  отырды.  Қазіргі  гуманитарлық  және  жаратылыстану 

ғылымының  алғашқы  баспалдағы  мұсылман  ғалымдарының  еңбектерінің 

жемістері екенін тарих кӛрсетіп отыр. Ислам әлеміндегі қай ғылым саласын 

алып қарасақ та, оның бастау бұлағы қасиетті құран кітабы болды.  

Тарихта  адамзат  қоғамы  түрлі  ӛзгерістерге  ұшырап  отырды.  Қандай 

мықты,  аузын  айға  білеген  империялардың,  державалардың  ешқайсысы  да 

мәңгі жасаған жоқ. Сол сияқты мұсылман әлемі де уақыттың түрлі ағысын, 

толқынын  бастан  кешті.  Білім  мен  ғылымның  даму  бағыты  шығыстан 

батысқа қарай кӛшін  түзеді.  Адамзатқа  исламның даналарын берген рухани 

әлемнің  тоқырауы  демесек  те,  шабан  қимылды  қанағат  еткен  дәуірлерді 

бастан  кешіруі  де  сондықтан  болар.  Бүкіл  әлемдік  Ислам  экономикалык 

форумына 

қатысушылар 

алдында 


сӛйлеген 

сӛзінде 


Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер жүзіндегі халықтың 

бестен  бір  бӛлігін  құрайтын  мұсылман  әлемі  дамуының  бүгінгі  деңгейінің 

шындығын  орынды  атап  ӛтті.  Ғасырлар  тоғысындағы  жылдарда  техника 

және  жаратылыстану  ғылымдары  саласынан  Нобель  сыйлығының  бірде-бір 

лауреаты  шықпаған.  Ислам  әлеміндегі  жаһандық  технологиялық  жаңалық 

жӛнінде  де  ешкім  ештеңе  айта  алмайды.  Ал  ӛткенге  кӛз  салсақ,  ислам 

әлемінің  ғылымдағы  ғажайыптары  мен  рухани  жауһарларының  бүтінгі 




ӛркениетке жеткізген ғылыми жаңалықтардың түп қазығы, түбір бастауында 

тұрғанын  байқаймыз.  Мысалы,  орта  ғасырлардағы  мұсылман  даналары 

кӛптеген  ғылымның  негізін  қалады.  Медицинада  Ибн  Сина,  алгебрада  әл-

Жабир ибн Хайян, химияда әл Хорезми, астрономияда Бируни, оптикада Ибн 

Хейсам,  акустика  мен  музыкада  Әбунасыр  әл-Фараби,  тригонометрияда 

Беттани,  социологияда  Ибн  Халдун,  кибернетикада  әл-Жазаридің  есімі 

алдымен  аталады.  Ал  поэзия  мен  әдебиетте,  ӛнерде,  философияда  ислам 

даналарының  есімі  күні  бүгінге  дейін  жаңғыра  естіледі.  Алғашқы  қағаз 

фабрикасын,  алғашқы  токарь  станогын,  алғашқы  зеңбіректі,  тағы  басқа 

адамзат  ӛркениетінде  орны  бар  заттарды  ойлап  тапқан  мұсылмандар 

болатын.  Орта  ғасырларда  ислам  әлеміне  интеллектуалдық  еркіндіктің 

ұрығын  сепкен  Еуропа  емес,  қайта  ілім-білім-ғылым  мұсылман  шығысынан 

кәрі  құрлыққа  барды.  Қазір  кӛпшілік  мұсылмандар  Еуропа  мен  Америка 

Құрама  Штаттарына  қалай  кіді  қараса,  бір  кезде  еуропалыктар  мұсылман 

жұртына  дәл  солай  үрке  қарады.  Оның  барлығы  да  қызғанышы  атойлап 

тұратын  қызығушылық  болғанымен,  олар  іштей  мұсылман  әлемінің 

артыкшылықтарын, басымдығын мойындайтын.(9) 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет