Ерназаров Дархан.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану мамандығының 4 курс студенті


Исламдағы  алғашқы  білім  ошақтары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі443,23 Kb.
#20018
1   2   3
Исламдағы  алғашқы  білім  ошақтары. Осы күнгі Ислам әлеміндегі оқу 

орындарының негізі сонау пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуіріндегі қарапайым 

Суффа  мен  медресеге  дейінгі  оқу  ошақтарында  және  түрлі  деңгейдегі 

медреселерде  қаланды.  Теңіз  –  тамшыдан  құралғаны  секілді,  Ислам  білімі 

мен  ғылы-мы  да,  ғылымда  терең,  ойшыл,  шоқтығы  биік  ғалымдардың 

еңбегімен  қаланды.  Исламнан  бұрынғы  арабтар  шӛлде  ӛмір  сүретіндіктен, 

тек  шӛл  ӛміріне  қажетті  нәрселерді  білетін.  Сондықтан,  ол  кезде  арабтарда 

бүгінгі  түсініктегі  ғылым,  әрине,  жоқ  болатын.  Оларда  негізінен  ауыз 

әдебиеті 

ғана 


дамып, 

кейбір 


ғылым 

салалары 

ғана 

болған.


 

 

Ислам  келген  кезде  дүние-жүзінде  оқу-жазу  білетіндер  ӛте  аз  болатын. 



Меккеде  15-20  адам  ғана  сауатты  болған.  Бұлардың  арасында  Хз.  Омар, 

Осман, Әлиді (р.а.) айтуға болады. Мәдинада одан да аз болатын. Халықтың 

кӛбі  кӛшпенді.  Әр  күні  кез-десетін  қиыншылықтардан  халықтың  оқу-жазу 

үйренуге уақыты болмайтын. 



Хижретке 

дейінгі 

оқу-ағарту 

шаралары: 

Асыры-сағадат (хазреті пай-ғамбар және оның тӛрт ізбаса-рының әмір құрған 

дәуірі) жаңа оқу-тәрбие жүйесін қалып-тастырды. Негізі Құран, мұғалімі хз. 

Мұхаммед  (с.ғ.с.),  шәкірттері  сахабалар  болған  бұл  жүйе,  аз  уақытта  мол 

табысқа жетті. Біз Мекке дәуірінде де Құран оқудың ӛте маңызды болғанын 

кӛреміз.  Ӛйткені  дінді  жаю,  Исламды  және  Құранды  түсіну  оқу-жазуға 

байланысты  еді.  Құран  Кәрім  әуелі  жазылып,  кейін  оқуды  білетіндер, 

білмейтіндерге  оқып  беретін.  Хазреті  Омардың  (р.а.)  мұсылман  болуына 

себеп болған да осындай бір оқиға еді. 

Хижреттен 

кейінгі 

оқу-ағарту 

жұмыстары: 

Құранның «Оқы!» әмірімен басталған ғылыми, мәдени шара-лар тез дамыды. 

Асыры-сағадатта  мәдениеттің  негізі  саналған  оқу-жазуды  үйрету  азаттық 

алумен  тең  қойылған.  Бәдір  соғысында  тұтқынға  түскендердің  ішінде  құн 

тӛлейтін  ақшасы  жоқ,  бірақ  сауаты  барлар  әрқайсысы  он  мұсылман  балаға 



хат тануды үйрету  шартымен босатылады. Бұл білім-ғылымды жаю жолын-

дағы алғашқы қадам еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәуірінде діни сауатты болу 

жалпыға  бірдей  міндет  болғанын  кӛрсететін  дәлелдер  бар.  Пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.)  былай  дейді:  «Дінде  ілім  иесі  болу  –  барлық  мұсылманға  парыз. 

Үйреніңіз  немесе  үйретіңіз,  ілім  иесі  болыңыз.  Надан  болып  ӛлмеңіз». 

Хазреті  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  дәуіріндегі  оқу-ағарту  орындары: 

Оқу-үйрету  ісінде  ерекше  орны  бар  үш  құрылымға  тоқталып  ӛтсек. 

Үйлер. Расулулла (с.ғ.с.) пайғамбарлықтың алғашқы жыл-дарында Исламды 

үйінде  дағуат  етіп,  оқу  орны  ретінде  үйін  қолданған,  алғашқы  кезде  парыз 

болған  екі  рәкат  намазды  адамдарға  үйінде  үйреткен.  Пайғамбарлық-тың 

тӛртінші жылынан бастап Алла елшісі (с.ғ.с.) күндіз Әркамның үйіне барып, 

ол  жерде  жиналған  мұсылмандарға  Исламды  үйрететін.  Мәдинаға  мұғалім 

етіліп жіберілген Мұсғаб ибн Умайр осы үйде сабақ алған. Мұнымен қоса Хз. 

Әбу Бәкірдің, Сайд ибн Зәйдтің үйі де білім ордасы ретінде пайдаланылған. 

Мешіттер.  Алла  елшісі  (с.ғ.с.)  Мәдинаға  кӛшкен  соң,  алдынан  жаңа 

мәселелер шықты. Қатары кӛбейген мұсылмандардың құл-шылық етуі, білім 

алуы  үшін  бір  орын  керек  еді.  Осыны  назарға  алған  ол  (с.ғ.с.)  Мәдинаға 

келген соң күнделікті намаз оқу және Исламды үйрету үшін жер сатып алып, 

мешіт салдырды. Бұл пайғамбар мешіті үш бӛліктен тұратын: намаз оқитын 

үлкен  зал,  мектепке  арналған  Суффа  және  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 

отбасына 

арналған 

бірнеше 


кішкентай 

бӛлмелер. 

Бұл  мешітте  тек  қана  намаз  оқылмайтын,  ол  кӛптеген  істе  қолданылатын. 

Осынау  кешен  құлшылық  ететін  мешіт,  халық  сабақ  алатын  мектеп, 

меймандарды  күтетін  қонақ  үй  де  еді.  Жамағат  ол  жерде  қалағанынша 

отырып сұхбат құратын. Басқа жерден келгендер, Мәдинада танысы жоқтар 

хаз-реті  Омар  (р.а.)  заманына  дейін  мешітте  түнейтін  болған.  Соғыс 

қарарлары  соғысқа  дайындық  та  осы  жерде  жаса-латын.  Соғыста 

жараланғандар мешіт ауласында емделетін. Мешіт діни және саяси орталық 

еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол жерде уағыз айтатын, қоғамдық ӛмірге керекті 

ережелерді  үйрететін.  Мешіттің  бұл  міндеті  ұзақ  уақыт  жалғасты. 

Суффа:  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  Мәдинаға  хижретінен  соң  іле-шала 

салынған  Мәсжидул-Нәбәуидің  солтүстік  бӛлімінде  жерден  біраз  биік,  үсті 

құрма  ағашымен  жабылған  Суффа  бӛлімі  бар  болатын.  Бұл  Исламдағы 

алғашқы университет еді. Суффа-ның салынуымен ислами оқу-ағарту ісінде 

жаңа  дәуір  басталды.  Бұл  жерде  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  ӛзі  сабақ  берді. 

Күндіз  мұғалімдер  Суффа  шәкірттеріне  дін  принциптерін  үйрететін.  Убада 

ибн  әс-Самит  (р.а.)  бұл  жерде  жазу  сабағынан  берген,  Убай  ибн  Кағб, 

Абдулла ибн Мәсғуд және Муаз ибн Жәбал (р.а.) Құран үйреткен. Осылайша 

жүйелі  оқытудың  және  Батыста  кӛптеген  ғасырдан  кейін  ғана  пайда  болған 

қоғамдық оқу орнының негізі қаланды.(2) 

Ал, қазіргі таңда Ислам Ынтымақтастық Ұйымы форумының «Жаһандык 

экономикалык  даму  –  ӛзара  ынтымақтастық  пен  әріптестік»  деп  аталуы  да 

әлемдегі бүгінгі күннің ӛзекті мәселелерінен туған. Жаһандық үдерістер тек 

мұсылман  елдерінде  ғана  емес,  әлемде  тұтас  кӛптеген  қиындықтарды  алға 

тартып отыр. Соның салдарынан дүниенің қай шалғайында да экономикалық 




қиындықтар  да  жетіп  артылады.  Одан  мұсылман  жұрты  да  шет  қалып 

отырған  жоқ.  Осыған  орай  форумда  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  кӛтерген  бірқатар  бастамалары  осы  алқалы  жиынға  келген 

мұсылман  лидерлерінің  барлығының  кӛңілінен  шыққаны  шындық.  Оның 

ішінде  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Ислам  әлемі  елдерінің  жетекші  ғылыми-

технологиялық  үрдістерден  қалып  келе  жатқанын  ескеріп,  Ислам 

Ынтымақтастық  Ұйымының  мүдделі  елдері  қатысуымен  халықаралык 

инновация  орталығын  құруды  ұсынды.  Бұл  ұсыныстың  ғылымға  да  қатысы 

бар. 

Сонымен  ғылымның  бастау  алар  бұлағы  құран  арқылы  түскен  хабарлар 



мен  алғашқы  ислам  ғалымдарының  еңбектерінің  жемісі  екенін  кӛреміз. 

Ғылымның  алғашқы  баспалдығы  Батыстан  бұрын  Шығыс  мұсылман 

елдерінде  қалыптаса  бастағандығына  тарих  куә.  Бірақ  кейінгі  ғасырларда 

ғылыми-техникалық даму үдерісінде мұсылман елдерінің батысқа қарағанда 

артта қалып отыр. Бұл жағдайға себеп болып отырған біршама факторларды 

атап ӛтуге болады. Біріншіден мұсылмандардың арасында қадария түсініктің 

басым  болып  кетуінде,  яғни  барлық  құбылысты  тағдырға  ысырып  салу. 

Екіншіден  исламдық  мәдениетке  салғырттық  таныту,  үшіншіден  жаңазаман 

дәуірінде  мұсылман  елдерінде  саяси  ахуалдың  нашарлауы  да  осы  мәселеге 

себеп  бола  алады.  Ендігі  жерде  мұсылман  елдері  ӛткен  қателіктерді 

түзетумен  қатар,  ғылыми  ӛркендеу  жолында  еңбектенуі  қажет.  Мұсылман 

елдерінің  қатарына  еліміз  Қазақстанның  да  жататыны  белгілі.  Себебі  ата-

дәстүріміз, діни дүниетанымымыз исламмен ұштасып жатыр. Сондықтан бұл 

мәселедегі таяқтың бір ұшы бізге де тиеді. Сол үшін Қазақстанның дамуына, 

ғылыми  жетістіктерге  жетуіне,  мәңгілік  Ел  атануына  еліміздің  әрбір 

азаматының борышы болып қала бермек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет