Ерте жастағы балалардың сенсорлық тәрбиелеу технологиясы



Дата09.05.2022
өлшемі18,17 Kb.
#33222

Ерте жастағы балалардың сенсорлық тәрбиелеу технологиясы

Әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды, соның ішінде сенсорлық тәрбие міндеттерін шешу үшін дидактикалық ойыншықтардың бір түрін (пирамида, фигуралық тақта және т.б.) пайдалану мүмкіндігін сипаттайтын кестені құрастырыңыз.



Критерий: материалдың эстетикалық, мазмұндылығы, қысқа мазмұндылығы.

мақсаты

міндеті

маңыздылығы

Балалардың сенсорлық тәрбиесін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру



1.Балаларды түстермен ,геометриялық пішіндермен таныстырып, түсін, пішін, көлемін ажырата білуге үйрету.
2. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.
3. Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.
4. Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.



- Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;
-Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған былықты көрсетулерін ретке келтіру;
-Байқағыштығын дамытады;
- Шынайы өмірге дайындайды;
- Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;
-Қиялдың дамуына негіз болып табылады;
- Зейінін дамытады;
-Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;
- сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;
- оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;
- баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;.
- көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді










ПИРАМИДАЛАРЫН ЖИНАУ

Мүмкін, бұл іске асуы ең белгілі және қолайлы болып табылады. Пирамида тіпті біздің ата-аналар, аталар мен әжелер жиналған. Бұл ойыншық қызықсыз ешқашан, балалар шыбықтың оларды тізбелеу, сақина бар бөлшектеуге жақсы көремін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы, әрине, логикалық ойындар мүмкін емес. Пирамида бір-біріне нысандарды салыстыру үшин, аналитикқ ойлау қабілеті, дерексіз ойлау дамуына ықпал этеді. Әдетте, сақина ойыншықтар нәресте елеулі қызығушылық тудыруы әр түрлі түстермен боялған еді. Ал қандай ғанибет бәрі бірінші реттен дұрыс жүріп, әсіресе, пластикалық шеңберді қосу оны көру! Бірақ кейде жұмыс жүргізіп жатып балаларға олардың түстерін көрсете атап бірге жаттайды.

Мектепке дейінгі педагогикада әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі –сенсорлық тәрбие. Сенсорлық тәрбие әр-түрлі: ақыл-ой, эстетикаклық, патриоттық, дене,адамгершілік т.б.тәрбие түрлерімен қатар жеке тұлғананың дамуына негіз болады.Соған байланысты сенсорлық тәрбиені осы жастағы балаларға берілетін тәрбиенің құрамды бір бөлігі деп айтуға болады. Сенсорлық тәрбие алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. «Ойын арқылы бала дүниені таниды» -дейді Т.Тәжибаев.

Конструкторлар әр түрлі болады:ұсақ және ірі.Кішкентай балалар басында тек қана бір-бірінен ажырата білді,енді өздері құрастырады:мысалы ұшақ,қабырға, және ойыңдарын жалғастырып ойнайды.

*Мозайка ойынында балалар алып салғанды жақсы көреді.Тәрбиешінің көмегімен жеңіл суретті құрастырады. Мысалы:Тәрбиеші күнді орналастырса,ал бала шуағын жалғастырады. Осы ойындар біріншіден баланың ұсақ қол моторикасын дамытады, ойлау және шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Пазлы жұмсақ-қатты,үлкен-кіші болады. Пазлы ойыннын ыңғайлы, ұстайтыны болады. Бала оның көлеміне қарап, орының табады және суретте не екенің айтады. Пазлы ойындары баланы шыдамдылыққа,байқағыштыққа, ұқыптылыққа үйретеді және ойлау мен ұсақ қол моторикасын дамытады.

*Түймелерді түмелеу және жіптерді өткізу ойындары  Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен. Ұсақ қол моторикасына жіппен,түймемен ойындар арналған.Баланың саусақтары жаттығады және де өмірде көлданады.

*Құрастыру ойыншықтармен ойналатын ойындар Дидактикалық міндеті.Құрастыру ойындары арқылы заттың көлемі туралы балаларда нақты түсінік пайда болады.Бұл ойыншықтар балаларға едәуір қиыншылықтарды туғызады.Жақсы қорытынды шығару үшін ойында әрбір бөлшекті дұрыс пайдалана білу керек .Осындай тәсілдермен ұсынылған тапсырманы орындауда балалар ойыншықтардың көлемін дұрыс ажырата білуді меңгереді.Балалардың саусақ моторикасы дамытады.

*Түстерді анықтауға қыстырғыштармен ойындар арналған. Мысалы: Күн қандай түсті болады? Шуағын қыстырғышпен көрсет.т.б.Кірпінің инелерін орналастыр.

*Кішкентай доптарды, түстері бойынша салыстырамыз. Мысалы:Көлемі домалақ түсі сары, домалайды. «Ыдысың тап» ойыны жүргізіледі.

*Түр түсті ажырататың ойындар. Мысалы: «Крөшкенің тарелкесін тап», «Қолғаптың сыңарын тап»т.б.



*«Пирамиданы дұрыс жина» ойыны. Дидактикалық міндеті: Балалар сақиналарды жеке-жеке көрсете отырып, пирамиданы қайта құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет