Логопедияда дизартрияның көмекі түрі сөйлеу тіл кемістігінің ерекше түрі болып 20-ғасырдың 50-60 жылдары бөлініп шыға бастады. Р.А. Белова-Давид патогенетикалық принципке негізделген сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуының классификациясында екі негізгі түрін атайды: бұзылудың функционалды дислалиясы және орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының салдарынан болған дизартрия.
«Дизартрияның көмескі түрі» деген терминді ең алғаш рет О.А. Токарева қолданған. Оның пікірі бойынша, аталған кемістігі бар балалар көп дыбыстарды дұрыс айта алады, бірақ еркін сөйлеуде олар машықтандырылмаған және ажыратылмаған болады.
Зерттеулер алғашқыда дизартрияның көмескі түрін дыбыс айту кемістігіне жатқызғанан кейін көптеген авторлар оны сөз және сөзсіз функция симптоматикасы ретінде қарастыратын болды. Қазіргі таңда арнайы әдебиеттерде дизартрияның көмескі түрі бас ми минимальды дисфункциясының салдарынан болған кемістік деп қарастырылады. Дыбыс айтылуының бұзылысымен қатар зейін, есте сақтау қабілетінің, интеллектуалды әрекет, ерік, жеңіл қозғалыс бұзылады және жоғарғы ми қыртысы функцияларының қалыптасуының бұзылыстары байқалады.