Ерте жастан көмек


Түзете-дамыту бағдарламасы



бет17/18
Дата02.02.2023
өлшемі117,64 Kb.
#64624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
9. Түзете-дамыту бағдарламасы
Баланың аты-жөні: Алан К. Аңғарымы: Даун Синдромы Жасы: 2 жас 10 ай Оқыту мерзімі: 6 ай

N

Мақсаттары

Міндеттері




+


Танымдық іс-әрекетінің алғышарттарын дамыту


1. Сенсорлық дамыту


1.1.


Көріп қабылдауы мен зейінін дамыту.
Пішіндерді қабылдауын дамыту.

Мөлшерлік қабылдауын дамыту.
Түстерді қабылдауын дамыту.
Кеңістік ұғымын дамыту.




Ересек адаммен көз қатынасын орнатуға ынталандыру: көз бен ауызға қарауға үйрету.
«Қайда?» деген сұраққа жауап беруді үйрету: өзін табу, таныс балалр мен ересектерді суреттен табу.
Таныс заттар мен ойыншықтарын бейтаныс заттар арасынан ажыратуды үйрету (Доп қайда?).
Үстел үстіндегі, бөлмеәр жеріндегі заттардың жұбын табуды үйрету.
Көлемді пішіндерді ажыратуға үйрету (шар, куб): қораптағы пішіндерге арналған ойыққа салу.
Бір-біріне ұқсамайтын геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрету (дөңгелек, тік төртбұрыш): үлгімен сәйкестендіру.
Үлкен, кіші сияқты мөлшерлерді ажыратуды үйрету.
Түстерді ажыратуды үйрету: аталған түсті затқа біріктіру (қызыл, сары).
Өз дене мүшесінің сұлбасын үйрету.






1.2.




Естіп қабылдауы мен зейінін дамыту.
Есту зейінін дамыту.
Дыбыстау сипатын ажырату.


Дыбыс немесе дауысқа реакциясын шақыру.
Ересектің дауысын, ойыншықтың сыңғырын және музыкалық аспап сылдырын тыңдауды үйрету.
Дыбыс көзін табуды үйрету.
Музыкалық белгінің басы мен соңын ажыратуды үйрету.
Музыкалық ойыншықтар дыбысына жауапты қимыл-қозғалыс реакциясын дағдылау.
Ересек адам дауыс қарқынын ажыратуды үйрету (еркелетіп сөйлегені, қаталдық таныту, талапты дауыс, сұрақты дауыс).
Сыбырлап айтылған сөзді тыңдап үйрету.






2. Айналамен танысу


2.1.
2.2.




Баланы қоршаған адамдар туралы түсінігін қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыру.




Өз атын атағанда қарауды үйрету.
Баланың өз дене мүшелері туралы түсінігін қалыптастыру.
Қоршаған орта заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.).








3. Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту


3.1.
3.2.
3.3.

Сөз түсінігін дамыту.




Белсенді сөйлеуін дамыту.
Сөздік қайталау қабілетін қалыптастыру.

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту

Ересек адаммен эмоциональдық қатынас алғышарттарын дамыту.
Айналасындағылардың сөзін қабылдауды дамыту.
Түсіну және сұрақтарға жауап беру қабілетін дамыту.


«...қайда?» деген сұраққа ойыншықты көзімен көрсетуді үйрету.
Ересектер мен балалардың аттарымен, ойыншық атауларымен таныстыру.
тұрмыста көп қолданылатын заттардың (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) атауларымен таныстыру.
Тұрмыстық және ойын әрекетін білдіретін сөздердің мағынасын түсінуге үйрету (бер, ал, шеш, жап).
Тапсырмаларды түсініп, орындауға үйрету: «табақты бер», «бері кел», «қуыршақты алып кел».
Бала айтқан дыбыстарын онымен «қосылып» айту.
Сөздерді айтуды талап ету:
- баланың жақындарын атау: мама, папа, апа;
- өтініштер: бер, ал;
- өз жағдайын одағай сөздермен білдіру: ой, ах, уф;
- жануарлау дауысына еліктеу: мяу, му, пи-пи, аф-аф;
- музыкалық ойыншықтар дыбысына еліктеу: бам-бам, тың-тың-тың;
- көлік шуына еліктеу: би-би, ту-у-у;
Ересектердің қимылын дыбыс, буын, сөздерді айта отырып, қайталауды үйрету (сөздік ойындар).
Жиі еститін сөз тіркестері мен сөздерге еліктеу дағдысын қалыптастыру.

Баланың жағымды-эмоциональдық реакцияларын күлімсіреп арқылы қолдау.
Баланың қолданатын дыбыстары қосылған ойындар ойнату.
Әр түрлі дамытушы күлкі ойындары, ойын-сабақтарын, жандандыру қимыл жаттығуларын өткізу (үрленген шармен ойнау, сабын көбікшелерімен ойын, сюрпризді қораптар, «қуып жет», «мүйізді ешкі» белсенді ойындары және т.б.).
Сұрақтарға жауап беруді үйрету: Бөпе қайда? Атың кім? Мамаңның аты кім?
«Бұл кім?», «Бұл не?» деген сұрақтарды ажыратып, жауап беруге үйрету.






4. Бала іс-әрекетін дамыту


4.1.
4.2.


Заттық-ойын іс-әрекетін дамыту.
Өндірістік іс-әрекет түрін дамыту.
Қарапайым құрылыс дағдыларын қалыптастыру.
Қарапайым сурет салу дағдыларын қалыптастыру.


Күрделі тәжірибелік мәселелерді шешудің негізгі әдісі ретінде баланың өзі жасап көру дағдысын қалыптастыру.
Ойыншықтардың орнын ауыстырушыларды қолдануға үйрету.
Ересек әрекетін заттармен және заттарсыз қайталауға үйрету.
Ойыншықтардың физикалық қасиеттеріне сай әр түрлі іс-әрекеттерді үйрету:
- допты лақтыру, итеру, сырғыту;
- шелектен екі қолдап доптар мен тік төрт бұрыштарды шығару;
- шелектен немесе қалташадан ойыншықтарды бірімдеп алу: үлкен ойыншықтарды екі қолдап, ал кішілерін саусақтап ұстау қажет;
- тік төртбұрышты тік төртбұрыштың үстіне қою;
- әртүрлі болып ашылатын қораптар мен заттарды ашып үйрену;
- науадан кішкене доптарды сырғыту;
- арбаның жібін тартып жүргізу;
- каталканы тұтқасынан ұстап қозғалту;
- әртүрлі көлемдегі сахиналарды өзегіне кигізіп, шығару;
- үстел тесігіне төлкелерді (таяқшалар, саңырауқұлақшалар) тығу;
- бір құрамдық «Матрешка» мен қорапшаларды ашып, жабу.
Үлгі бойынша қажетті құрылыс затын табу дағдысын қалыптастыру: «дәл осындайды тап» (3-5 зат).
Бірдей төртбұрыштар мен кірпіштерден мұнара салуды үйрету.
Балаларды қағаз және басқа сурет салуға қажетті заттармен таныстыру: қағазға түрлі түсті бояуды саусақпен, алақанмен, қыл қаламен және т.б. жағу.






5. Ұсақ моториканы дамыту


5.1.

Жалпы қол қимыл-қозғалысын дамыту.

Күштік әрекеттерді дамыту
Жіктелген қимыл-қозғалыстарды дамыту.

Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
Саусақтармен ұстау қабілетін қалыптастыру.




«Сау бол» деп қол бұлғауға талпындыру.
Заттармен күштік әрекет жасауға үйрету: сырғыту, итеру, қысу, тарту, басу.
Бір мезетте екі әрекетті жасауды үйрету (бір қолымен бір затты ұстап тұрып, екінші қолымен басқасын алу).
Ойыншықтарды көлемі мен мөлшеріне қарай көтеріп, тартып, лақтыруға үйрету.
Сабын көбікшелерін екі қолдап ұстауға талпындыру.
Қолын шапаттауға талпындыру.
Ойыншықтарды бір қолынан екінші қолына ауыстыруды үйрету.



Заттарды бас бармақ, сұқ саусақ және ортаңғы саусақтарымен ұстауды үйрету.
Заттарды сұқ саусағымен көрсетуге талпындыру.

Саусақтарымен төгілмелі заттарды ұстауды үйрету.
Конфетаның қабын ашуды үйрету.








6. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру


6.1.
6.2.


Өз бетінше ішіп-жеу қабілетін қалыптастыру.
Өз бетінше киініп-шешіну қабілетін қалыптастыру.




Кесемен төкпей ішуге үйрету.
Қою тамақты өз бетінше қасықпен жеуді үйрету.
Тамақтан соң өз орындығын жинап қоюды үйрету.
Өз жейдесін, шұлық, бас киімдерін шешіп, шешіндіруде көмектесуге үйрету.
Аяқ киімін шешуге үйрету.
Жеңіне қолын сұғуды үйрету.
Бас киімін ересектің аз ғана қолдауымен киюді үйрету.
Ересек адамның көмегімен іш киімдерін, шұлығын киюді үйрету.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет