Ерте жастан көмек



бет13/18
Дата02.02.2023
өлшемі117,64 Kb.
#64624
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәні Дәріс

Үйде қызмет көрсету. Түзету қызметін көрсетуге бағытталған мекеменің мүмкіндіктеріне қарай балаларға әр түрлі арнайы медициналық және түзету сала мамандары үйде қызмет көрсетеді. Үйде қызмет көрсету түрі 1 жасқа дейінгі дамуында күрделі психофизикалық ауытқулары бар балаларға белгіленеді. Кейбір жағдайларда отбасының білім беру мекемесіне баланы алып келуге мүмкіндіктері жоқ болса, мамандар медициналық және түзету қызметтерін баланың тұрғылықты жеріне барып көрсетеді. Үйде қызмет көрсету көлемі мекме мүмкіндіктеріне (транспорт, мамандар саны) және бала жағдайны байланысты болады.
Аталған ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалрға түзете-дамыту көмек көрсету түрлері түзету педагогикасының негізгі принциптері негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс түрлерін таңдауда түзету процесінің мазмұны мен ұйымдасуы да түрленіп отырады.

Жеке сабақтар. Жұмыстың бұл түрі балаға арнайы ерте жаста кірігу кабинеттеріндегі түзете-дамыту сабақтарын беруді білдіреді. Кабинетте педагог оқу жоспарындағы мақсатқа бағытталған жеке және кіші топтық сабақтар өткізеді. Сабақ барысына ата-аналарда қатысып, үйде баланы дамытуға бағытталған сабақтарды өткізуге үйренеді. Бала дамуындағы күрделі тежелістер салдарынан ата-ананың өз бетінше дамыту жұмыстарын атқара алмағандықтарынан педагогтар осындай жеке түзету сабақтарын өткізеді. Жеке сабақтар баланың психофизикалық дамуын толық зерттеу мен түзетуге бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Жеке сабақтар көлемі Оқу жоспары мен бала қажеттіліктеріне сай белгіленеді. Қысқа мерзімді топқа келетін балаларға да жеке түзету сабақтары өткізіледі.

Ата-аналарға кеңес беру. Кеңес беру жұмысы ата-аналар және балалармен кездесулерді білдіреді. Кеңес беру көлемі бала дамуындағы тежеліс күрделілігіне және ата-ананың педагогикалық біліктілік дәрежесіне байланысты болады. Сонымен қатар балаларын түзету кабинеттеріне әкелуге мүмкіндіктері жоқ ата-аналар бір реттік кеңес ала алады. Кейбір жағдайларда ата-аналарға баланың болашақтағы білім алуы туралы кеңес беріледі: психолого-педагогикалық зерттеу нәтижелері негізінде бала ПМПК немесе басқа мекемелерге жіберіледі. Ал кейбір ата-аналар бала тәрбиесі, мінез-құлық ерекшеліктері мен әлеуметтік проблемалар туралы бір реттік кеңес беруді қажет етеді.
Түзете-дамыту көмегі отбасындағы тұрмыстық тілге сай, әлде болмаса ата-аналардың сұранысы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, мүмкіндік болған жағдайда басқа тілдерде де беріледі.
3 жасқа дейінгі түзету-педагогикалық көмегінің мерзімі аяқталысымен бала мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет ету бөліміне ауыстырылады.
Осылайша баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасына сай мамандар тобы келесі бағыттағы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады:





емдік-қалпына келтіру іс-шаралары (медикаментоздық және физиоте­рапевтік ем, емдік дене шынықтыру, массаж және т.б.);

түзете-дамыту сабақтары;

ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық кепілдіктер, мүмкіндіктері шектеулі бала күтімі, емі және дамуы туралы сұрақтар бойынша кеңес беру.

ТП ҰҒПО-ның бейімдеу орталығындағы стационарлық және арнайы медициналық кеңестік-диагностикалық көмекті қажет ететін бала Емдік түзету бөліміне жіберіледі. Онда балаға қажетті медициналық қызметтер жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет