Байланысты: «Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәні Дәріс
8Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету процессінде атқарылатын іс-шаралар Балаларға ерте жаста түзете-дамыту көмек көрсету процессі мынадай іс-шаралардан тұрады:
баланың психофизикалық даму деңгейін пәнаралық бағалау. Бағалау қажеттіліктер мен кешенді әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтауға бағытталады;
ата-аналарды бала дамуын бағалау мен бақылауға үйрету, үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;
ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоқамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;
жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп).
Түзете-дамыту процессінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданылады:
Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама.
Баланы психолого-педагогикалық зерттеу сұлбалары (топтық бағалау).
Баланың ойын барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған сұлбалар.
Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық-әдістемелік материалдар.
Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші техникалық компенсаторлы құрал-жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналаған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік-психологиялық қолдау», «Түзете-дамыта оқыту». Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог-дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі:
Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.
Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете-дамыту жұмыстарының тиімділігі мен адекваттылығын бағалау және әлеуметтік-құқықтық кепілдемелері мен тиісілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «Жеке дамыту бағдарламсының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысының бұл кезеңінде кешенді пәнаралық әлеуметтік, медициналық және психолого-педагогикалық зерттеу (топтық бағалау) жүргізіледі.
Нәтижелері жеке дамыту бағдарламасына тіркелетін баланың психофизикалық даму жағдайын топтық бағалау мазмұны мынадай:
Баланы медициналық тексеруден өткізу.
Бала мен оның отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу.
Ірі және ұсақ моторика қызметін зерттеу.
Бала іс-әрекет ерекшеліктерін тексеру: заттық-ойын іс-әрекеті, танымдық, нәтижеге бағытталған және сөйлеу іс-әрекеттерінің алғышарттары.