Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың орналасуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ , Сауран қалалары туралы Махмуд Қашғари жазған.
Этникалық құрамы
Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашқыда 24 тайпадан тұрған. Бұл -оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады. Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)