Шахристан-орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші бөлігінде бай-шонжарлар тұрған және тұрмысы орташа қалыптағы қала тұрғындары, қолөнер шеберлері орналасқан.
Рабад-үшінші бөлік екіншінің сыртынан қоршай орналасқан. Мұнда егіншілер мен кедейлер тұрған.
Сауда негізгі үш бағытта жүргізілді: халықаралық сауда, қалалардың өз аумағындағы сауда, қалалықтардың далалықтармен сауда байланысы.
Қолданбалы өнер түрлері: балшықтан жасалған терракота, көркем керамика, ұсақ пластика. Терракоталарда адамның бет-әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
Архитектура және өнер VII-VIII ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан.
Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша «сардоба» деп атайды. VІ-ІХ ғасырларда салынған екі сардоба белгілі:
1. Бір және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы.
2. Күмбездері бір- біріне жалғастырылып жасалған: Якка сардобасы.
Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсас. Екі сардоба да Мырзашөл керуен жолының бойына салынған.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстаудан көп табылды.
Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (VII -VIII ғ.ғ.). IX ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған.
Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі.
Көне түріктердегі жазба мәдениеті Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түрік жазуы б.з.б.1 мыңжылдықтың ортасында (б.з.д. V ғ.) қалыптасқан. VІІІ- ІХ ғғ. көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айналды.
Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған ежелгі түрік жазуларына берілен атау: Талас жазуы.
Ерте орта ғасырда түрік жазуымен қатар ел ішінде кең түрде қолданылған жазу: соғды жазуы. Әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.
VІІІ- ІХ ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі: ислам дінінің таралуына байланысты түрік билеушілерінің араб жазуын қабылдау.
Tүріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді қалдырған Византия тарихшысы: Менандр Протектор.
Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны: 200- ден астам; Түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келген кезең: VІІІ ғ. Түрік сына жазуының көне ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк». Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби- көкркемдік тәсілдермен өрнектелген.
VІІІ –ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар: «Оғызнама», «Қорқыт ата» «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты: ХІ ғ. «Қорқыт ата» кітабы: 12 жырдан тұрады. «Оғызнама»- ІІ ғасырдағы тарихи оқиғаларға байланысты туған әдеби шығарма. ҮІ ғасырда парсы тіліне, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған тарихшы: Рашид ад- Дин. «Оғызнама» дастаның ХVІІ ғасырда толық жазып қалдырған: Әбілғазы хан