ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕР ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ Ерте темір дәуірі б.з.б.VІІІғ- б.з.VІ ғ. «Халықтардың дамуы мен шаруашылық-мәдениерекшеліктерінің қалыптасуында географиялық және экологиялық фактор үлкен рөл атқарды». Л.Н.Гумилев Көшпелілік, Даладағы шаруашылықтың негізгі түрі ретінде, ерте темір (б.з.б. I мыңжылдық) дәуірінде қалыптасты. Темірді игеру мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары мен қаруларды темірге алмастырды.
Көшпеліліктің пайда болуы Б.з.б.1 мыңжылдықтаболған кезекті құрғақшылық ықпал етті.
Арбаға қос тігіп көшу б.з.б. I мыңжылдықтың ортасына дейін сақталды.
Тұтастай технологиялық өзгерістер (құрастырмалы киіз үй, үзеңгі, ер-тоқым мен жаңа шикізат материалдарының пайда болуы) классикалық көшпелі малшаруашылығының қалыптасуына әкелді.
Ұлы Даладағы ертедегі көшпелілер Андрондық мәдениет түрінің орнына сақ-скиф деп аталатын мәдени-тарихи қауым келді. Ежелгі гректер скифтерді ертедегі көшпелілер деп атаған. Бұл атау Батыс ғылымында қолданысқа енді. Қазақстан ғылымында бұл дәуірді Ұлы Даланың ортаазиялық бөлігінде мекендеген тайпаның атауымен сақ немесе сақ-сармат кезеңі деп атайды.
Ерте көшпелі тайпаларда әскери демократия болып, оларда әдеттік құқық әрекет етті. Халық жиналысыерте көшпелі тайпалардың құрған әскери демократиялы қоғамында үлкен рөл атқарған жиналыс.
КӨШПЕЛІЛЕР МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҮЛГIСI Көшпелілер мемлекеттерiнiң үш үлгiсi бөлiп көрсетiледi: Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілер мемлекеттерi алғашқы екi үлгiге жатады.
1. Көсемдiк туыстыққа негізделген, мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. (Сақтар)
2. Ерте көшпелілер империясы рулық және рудан тыс байланыстарға негізделген көпсатылы саяси құрылым. (Ғұндар империясы). Классикалық үлгісі - Түрік империясы.