Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды.
Территориясы
Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды.
Шаруашылығы
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.
Этникалық құрамы
Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Соғдылар-Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық. Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. VI-VIII ғасырларда соғдылықтарды Түрік қағандығы жаулап алған.
Зерттеушілердің соғдылар туралы пікірлері
В.В.Бартольдың айтуынша, соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты. Сондай-ақ араб шапқыншылығы да соғдылардың Жетісуға қоныс аударуын күшейтіп жіберді. Мұны археологиялық зерттеулерден, Іле, Шу, Талас бойындағы қалалық өмірдің дамуынан байқауға болады. Әсіресе VI-VIII ғасырларда соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған.
VII ғасырдың бас кезінде Жетісуда болған қытай саяхатшысы Сюань Цзяньөзінің күнделігінде «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар.Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар» деп жазған.
Махмуд Қашқари еңбегінде «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ»-деп жазады.
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (704-756 ЖЫЛДАР) Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы
748 жылы Суябты жаулап алды:
Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған бірлескен ел:
Түргеш мемлекеттің әлсіреуі нәтижесінде ……. жылы Қарлұқ қағанаты құрылды:
Үшлік хан қай мемлекеттің қағаны болған:
Арабтардың Сұлу қағанға қойған аты:
Атлах шайқасында бірігіп шайқасты:
Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген қаған:
Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:
Соғды жеріндегі арабтар қуып шығарылды:
Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған уақыты: