Араб тарихшысы әл Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ , көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады.
“Қарлұқтар тұрған аймақ ең бай жерлер”- деп жазылған қолжазба:
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ) ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ (ІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
Саяси тарихы
ІХ ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құрылды.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалады. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады.
Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басында Әли жабғудың кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-салық оғыздардың наразылықтарын туғызды. Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен қуып шығады.
Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. 1043 жылы салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлады.