Негізгі әдебиеттер: Казбеков Б.К. Интеграция Казахстана и Центральной Азии в мировую экономику. А., 2002.
Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2006.
Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.
Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.
Қосымша әдебиеттер: Арыстанбекова А. Объединенные Нации и Казахстан. А., 2002.
Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. А., 2006.
Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.
26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Дәріс жоспары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: Ту, Елтаңба, Әнұран (1992ж.).
Әнұранның жаңа мәтінін бекіту (2006 ж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.).
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.
Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997ж.10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу. «Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә.Назарбаевтың 2001ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі.
1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік ТУ, Елтаңба, Қазақстан Республикасының Әнұраны бекітілді.
1992 жылы мамырда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын» жариялады. Қазақстанға сипаттама беріліп, оның даму ерекшелігі көрсетілді
1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қоғамды түбегейлі қайта құрудың қажеттілігі жаңа Конституцияны әзірлеуді талап етті, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін, олардың өкілеттіктерін орнықтырды. Олардың бәрі бірыңғай мемлекеттік билікті құрайды.Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.) - Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылы 12 қарашада «Ұлттық валютаны енгізу» туралы жарлығы шығып, соған байланысты еліміздің аумағында заңды төлемақы түрі ретінде ұлттық валютамыз-теңге енгізілді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің этноұлтаралық қарым – қатынасын дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды»
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпы халықтық үдерісін басқаруы тиіс. Бұл үшін ешкімді де кемсітуге және төмендетуге жол берілмейді, қажетті шаралар кешенін жүйелі және дәйекті түрде жүзеге асыру қажет.
Аастана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.