«Ертегілер әлеміне саяхат» Мақсаты



Pdf көрінісі
Дата08.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1466

«Ертегілер әлеміне саяхат» 

 

Мақсаты: Балалардың тапқырлығын, сӛздік қорын, сӛйлем құрау мүмкіндігін, саналы 

ойлау  қабілетін  дамытуға,  нақтырақ  айтқан  ойын  логикалық  талдау,  ойлау  дағдысының 

жетілуіне баулу. 

Күні, уақыты:  08.09.2015 ж. Сағ. 11-00-де 

Ӛтетін орны:  «Балдәурен» шағын орталығында 

Қатысушылар: Ұстаздар мен балалар 

Кім ӛткізеді:  Кітапханашы 

Жұмыс түрі: Дауыстап оқу, сұрақ жауап 

Кӛрнекілік, безендіру:  «Ертегілер әлеміне саяхат» атты тақырып, самолеттің макеті, 

аэропорттың суреті, шарлар, «Ертегілерді бірігіп оқиық», «Әлем кітаптарына саяхат» атты 

кітап кӛрме. 

Техникалық құралдар: Фотоаппарат 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және бүлдіршіндер! Бүгін 

сіздерді мынадай  «Кӛк сандықпен» таныстырамын. Бұл «Кӛк сандықтың» пайда болуы  

Дорис Шредер-Копф ханымның қолдауымен ашылған  «Deutschland liest vor…» атты 

немістердің қоғамдық қоры Германияда кітап оқудың дамыту бағдарламасын 

ӛткізеді.Қызық бастамалары үшін үздік неміс кітапханалар   сыйлыққа кітаптарға толған 

Кӛк сандыққа ие болады. Кӛк сандықтың ӛзін Германияның ӛте жақсы шебері жасаған. 

Оны оқырмандары кӛп кітапханалар алады. 2006 жылы ол Рәсейге келді: «Германия 

оқиды» атты неміс қоғамдық қоры «Подмосковьенің балалар кітапханаларындағы 

Еуропалық апталар» және кітапты жылжыту мақсатында жасалған бастамалар үшін 

Мәскеудің Облыстық мемлекеттік кітапханасын марапаттады.Мәскеудің Облыстық 

мемлекеттік кітапханасы Кӛк сандыққа ие болды, Қордың реестрында №246 жазылған. 

Осындай сыйлыққа ие болған бұл алғашқы шетелдік кітапхана болды.Неміс әдістемсін 

негізге алып Мәскеу Облыстық мемлекеттік кітапханасы «кӛк сандықтың саяхатты» атты 

ӛзіндік  бағдарламаны жасады, сәуірдің 2007 жылынан бастап Подмосковьенің 63 

аудандары мен қалаларына сапармен шықты. Жобаның авторы МОГДБ халықаралық 

ынтымақтастық жұмысының басшысы Лерман Елена Владимировна.  Мәскеу облысында  

«Кӛк сандықтың» саяхатына 7 жыл болды. Ол қалыптасып, нығайды, баршаға мәлім. 

Германияның елшілігі мен  Мәскеу Облыстық мемлекеттік кітапханасының бірге 

ұйымдастырған жобалардың бірі ғана. 

Қане  балаларбұл «Кӛк сандықтың»  ішінде не бар деп ойлайсыңдар,  кім айтады? Ендеше 

ашып кӛрейік. Мұнда сендердің сүйіп оқитын қызықты ертегілерің бар екен.  Кім 

қызықты ертегіні оқығанды, тыңдағанды және ойын ойнағанды ұнатады? 

Олай болса балалар кӛптен күткен сандығымызды ашайық.  



1 – бӛлім. «Кӛк сандықпен танысу» Сандық ашылады, ішінде ертегілер дауысталып 

оқылып, содан соң осы кітаптар бойынша сұрақтар қойылады. 



2 – бӛлім. «Ойлан тап» Бұл бӛлімде осы оқылған кітаптардың ішінен үзінді оқылады, сол 

кітапты тауып беру.  

1. Ӛте дәмді ӛрікті, Аралар жеп кӛріпті.                                                                                                      

2. Азат биыл бірінші сыныпқа барды. Мектеп табалдырығын достары Абылай мен Талғат 

та бірге аттады. Қазір үшейі бір сыныпта оқиды. Қашан кӛрсең жұптарын жазбайды. 

Күнде мектепке бірге барып, бірге қайтады.                                                                                               

3. Ертеде бір патша ӛмір сүріпті. Оның ай десе аузы, күн десе кӛзі бар, теңдессіз сұлу 

қызы болыпты. Алайда, қанша сұлу болғанымен, мінез-құлқы нашар, ӛркӛкірек, тәкаппар 

екен.                                                                                                                                                            

4. Бір қойшы қой бағып жүріп, түлкіні қуып келе жатқан аюды кӛреді. Түлкі бір тамға 

келіп кіреді. Тамға кіремін деген аю тар тесігіне кеудесі сыйып, бӛксесі сыймай қалады.  

5. Құралайды кӛзінен атқан мерген, ержүрек Робин Гуд Англия король Генри ІІ билеп 

тұрған дәуірде ӛмір сүрді.                                                                                                                                 

6.  Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:- Бәйбіше, бауырсақ пісіріп 

берші, - дейді.- Қалай пісіремін ұн жоқ- Әй кемпір, қойманы сыпырып, қамбаны қырсаң, 

ұн шығады.              7.Сұлу тотықұс сӛйлей алады. Ол кӛп сӛз біледі және тотықұстың 

дауысы да мықты.                  8. Ертеде кішкентай үш күшік енелерінің бауырында тіршілік 

кешіпті. Күндер ӛте олардың үлкен болып ӛскені сондай, ӛз үйшіктеріне сыйма қалыпты.                                                 

9. Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып адасып кетеді. Қайтар 

жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз 

ішке кіреді. Бӛлмеде ешкім кӛрінбейді.                                                                                                                     

10. Баяғы ӛткен заманда Мидас деген ерекше бай бір патша ӛмір сүріпті. Ол патша 

мәртебесіне сай келер нәрсенің бәріне ие болатын. Мидас патша тұратын зәулім әрі әдемі 

сарайдай  сарайды жер шарын тӛрт айналсаң да кӛре алмассың. 



3 – бӛлім. «Сұақ – жауап» бұл бӛлімде жұмбақтар жасырылып, «Уақыт кеңістігіне 

саяхат» атты кітаптың сиқырлы үлкейткіш лупаның кӛмегімен шешілетін жұмбақтары 

мен ойындары бар қызықты кітап бойынша ойын ойнатылады.. 

1.Ӛзі ширақ, ӛзі қу, Жүрген жері айқай-шу.  (Түлкі) 

2.Басы-тарақ, арты-орақ.  (қораз) 

3.Ӛзі ащы, Бірақ, дәмді етер асты.  (тұз) 

4.Шыр кӛбелек айналар, беліне жіп байланар.  (ұршық) 

5.Бір құтыда екі түрлі су жатады, Қайнатсаң мұз болып қатады.  (жұмыртқа) 

6.Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар.  (сарымсақ) 

Кӛк лағым кӛгенде тұрып семірді.  (қарбыз) 

Асты тас, үсті тас, Ортасында піскен ас.  (таба нан) 

Жүз мүйізі бар, Үстінде киізі бар.  (киіз үй) 

Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды.  (сандық) 

Ыстықты суытпайды, Суықты жылытпайды.  (термос) 

Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр  (Қазақ мен от) 


4-бӛлім. «Бас қатырғыш» Бұл бӛлімде үй жануарларының суреттерімен апликациялар 

құрастыру. 



5 – бӛлім. «Кӛк сандық» атты сӛз жұмбақты шешу 

Ал балалар енді сандығымыз сендерден қандай тыйым сӛздер білесіңдер  деп сұрайды. 

Мен алдымен сендерге біразын оқып берейін содан соң ӛздерің білетін сӛздерді 

айтасыңдар. Олай болса: 

1.

 

Ұдайы ұста есте, Үлкеннің алдын кеспе   



2.

 

 Түзде деме, үйде деме, Үлкендер сӛйлегенде кимелеме 



3.

 

Құр бекерден ермекке, Бос бесікті тербетпе. 



4.

 

Әдептімін десең ӛмірде, Дастархан басында керілме. 



5.

 

Ұнамасын, ұнасын Бұзба құстың ұясын 



6.

 

Әрқашан әдептен жаңылма Киімді желбегей жамылма 



7.

 

Ырза болсын, «Әдепті» деп саған ел, Танымасаң да үлкендерге сәлем бер. 



8.

 

Есеп бер ісіңе Қамқор бол кішіге 



 

Ал енді балалар ӛздерің қандай тыйым сӛздерді білесіңдер? 

 

Балалар рахмет тыйым сӛздерді сендер де жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың 



ӛрлей берсін! Міне сандығымыздың ішіндегі ертегілерге де саяхаттап болған 

сияқтымыз, Осы кезде балаларға тәттілер таратылады. Енді балалар  кітап оқимыз 

ба? Кітапханаға келіп, кітап алып  тұрамыз ба? Ендеше балалар осы асыл 

қазыналарымызды оқып, үйреніп, ойға тоқысақ еліміздің, ӛнегелі де ұл-қызы 

болатындарың айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға 

кӛптен кӛп рахмет.  Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Кітап әлеміндегі құпиялы ғажайыптардың бірі «Кӛк сандық» 

Қарақұдық ауылында 

 

Неміс әдістемесін негізге алып Мәскеу облыстық мемлекеттік кітапханасы «Кӛк 

сандықтың саяхаты» атты ӛзіндік бағдарламаны жасады. Осы жоба Қазақстанға жетіп, 

Қарағанды облысының 7 ауданын айналып, Бұқар жырау ауданына келген болатын. Ал 

қыркүйек айының 7 – жұлдызында «Кӛк сандық» Қарақұдық ауылына келіп жетті. 

Балалардың тапқырлығын, сӛздік қорын, сӛйлем құрау мүмкіндігін, саналы ойлау 

қабілетін дамытуға, нақтырақ айтқан ойын логикалық талдау, ойлау дағдысының 

жетілуіне баулу мақсатында Амангелді орта мектебіне қарасты «Балдәурен» шағын 

орталығында 1 – сынып Мектеп алды даярлық сыныбы және бүлдіршіндермен «Ертегілер 

әлеміне саяхат» атты «Кӛк сандықтың» ашылуы ӛтті. Оған Амангелді орта мектебінің 

кітапханашысы, бастауыш сынып мұғалімдері және «Балдәурен» шағын орталығының 

қызметкерлері белсене қатысты. 



 

Ашылу барысында балалар ішіндегі кітаптармен танысты. Осы сандықтың 

ішіндегі кітаптардың қызықты болғаны соншалық балалар ертегілерді сүйсіне 

тыңдады. Ондағы «Ертегілер елінде « сериясы бойынша кітаптар, Бӛбектерге 

арналған қызықты ертегілер, «В подарок сказка» сериялы ертегілер және т.б. 

ертегілер дауыстап оқылып, оқылған кітаптар бойынша сұрақтар қойылып жауап 

берілді. «Солнышка» сериясы бойынша «Забавные малыши» атты кітабындағы үй 

жануарларының тӛлдерінің атын табу, «Мен және қоршаған әлем» атты балалар 

энциклопедиясындағы суреттер бойынша викториналық ойындар ойнатылды.  

 

Уақыт кеңістігіне саяхат» атты сиқырлы үлкейткіш лупаның кӛмегімен 

шешілетін жұмбақтар мен ойындары бар қызықты кітаппен де ойын ойнатылды. 

 

«Жемістер» және «Үйде» атты кішкене кітапшалардан пазыл құрастырылды 

 

Соңында балаларға тәттілер таратылып,  естелікке суретке түсүсірілді. 

 


Келесі күні «Кӛк сандық» бойынша кітапханада «Ертегілерді бірігіп оқиық» және 

«Әлем кітаптарына саяхат» атты кітап кӛрмелер ұйымдастырылды. Мектеп 

оқушылары бос уақыттарын осы кӛрмелердегі кітаптарды оқумен ӛткізді. 

 

 

Үшінші, тӛртінші күндері аулада бастауыш сыныбы мен орта буын 

оқушыларымен топтық ойындар ойнатылды. Онда  «Ойлан, тап» ойыны 

барысында оқыған ертегілері бойынша кітаптан үзінді оқылады, сол кітапты тауып 

беру   

 

 «Бас қатырғыш» бӛлімінде балаларға үй жануарларының суреттері бойынша 

апликация және «Жемістер» және «Үйде» атты кішкене кітапшалардан пазыл 

құрастырылды. 

 

Жұмбақтар жасырылып, тыйым сӛздер айтылып, ӛздерінің білетін тыйым 

сӛздерін айтып берді. сұрақ-жауаппен жаслғасты. Балалардың барлығы белсене 

қатысты. 

 

Соңы қатысушыларға тәттілер таратылып, естелікке суретке түсірілді. 

 

Орта буын оқушыларымен де аулада түрлі ойындар ойнатылып «Кӛк сандық» 

атты сӛз жұмбақ шешілді.  

 

 

Уақыт кеңістігіне саяхат» атты сиқырлы үлкейткіш лупаның кӛмегімен 

шешілетін жұмбақтар мен ойындары бар қызықты кітаптағы жұмбақтар шешіліп, 

сұрақтарына жауап берді.  

 

Бұл балалар да құр алақан қалған жоқ, оларға да шағын сыйлықтар мен тәттілер 

таратылды. Соңында естелікке суретке түсті. 

 

Қарақұдық ауылдық кітапханашысы:                    Г.С.Дүйсембек 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұқар жырау ауданы  

 

 

 

 

«Кӛк сандық» жобасы бойынша Қарақұдық ауылдық  

кітапханасының ӛткізілген іс-шаралар  

туралы ақпарат 

 

 

 

 

 

 

 

Қарақұдық 2015 жыл 

 

Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы 

 

 

Ертегілер әлеміне 

саяхат» 

(Дауыстап оқу, топтық ойын, сұрақ-жауап) 

 

 

 

 

2015 жыл

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет