Ән: «Кап-кап» Батрашева Рамина: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Нұрәділ: Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Аяжан: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Бұлт: Жанырыс -Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі - төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).
Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам және шапшаң екенсіңдер.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық. (Балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). Күн келеді.(Даяна)
Күн: сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер мені шақырдыңдар ма достарым?
Балалар: Иә.
Күн: Даяна
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұратын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.
Бұлт: Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзіме менің құлақ түр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір болама?
- Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, Дауласпаңдар! Балалар, күн мен бұлтты татуластыру үшін күзді қонаққа шақырайық.Қане,бәріміз қолымызды шапалақтап,күзді қарсы алайық.
-Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.