Ертеңгілік: «Алтын күз» Өткізген: «Қарлығаш» тобы тәрбиешілері Исатова С. К суйнова Л. Т



бет1/3
Дата24.10.2022
өлшемі36,93 Kb.
#45087
  1   2   3

«Жұлдыз» бөбекжайы
Тексерілді: Бекітемін:
«Жұлдыз» бөбекжай «Жұлдыз» бөбекжай
әдіскері Исатова С.К директоры Бекишева Л.
« » 2022 ж. « » 2022 ж.
Ертеңгілік:
«Алтын күз»


Өткізген: «Қарлығаш» тобы тәрбиешілері Исатова С.К
Суйнова Л.Т
2022 ж.


Алтын күз келді, бақшама!

(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)



Жүргізуші:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі - түсті жапырақтарға толы.
Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Олай болса күз туралы тақпақтарын айтуға ортаға балаларды шақырамыз.
Айзере: Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Рамина Бабанова:
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Медина: Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Ән: «Күз келгенде».


(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі).
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. (Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бұлт: Жанырыс
Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).

Жүргізуші:

Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
- Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет