ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жұмыс барысында ашытқыларды бөліп алу үшін әртүрлі табиғи субстраттар қолданылды: кептірілген жемістер, алма және алмұрт ағашының гүлдері және жапырақтары, бидай дәндері, сүт өнімдері.
Ашытқыларды әртүрлі табиғи субстраттардан бөліп алу дәстүрлі микробиологиялық әдіс бойынша жүргізілді [3].
Ашытқылардың жиынтықты дақылын алу олардың құрамында қанты бар субстраттарда өсу мүмкіншілігіне және этил спиртіне тұрақтылығына негізделген. Ашытқылардың жинақталуын қоректік ортада тұнбаның түзілуіне және тіршілігіндегі сәйкес өнімдердің түзілуін көзбен көру арқылы және микроскопиялық жолмен анықтайды [4]. Ашытқыларды дақылдау үшін Сабуро қоректік ортасы пайдаланылды.
Іріктелініп алынған ашытқы штамдарының қай түрге жататынын анықтау үшін морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді [5].
Ашытқылар идентификациясы GeneBank халықаралық деректер базасында депонирленген ITS аймақтың тікелей нуклеотидті тізбегін анықтау әдісі бойынша жүргізілді [6].
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ
Жұмыс барысында әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқылардың 10 штамы: үй ірімшігінен - 7 штамм (TD1, TD2, TD3, TD4, TD5,TD6, TD7), айраннан - 2 штамм (А1, А2), мейізден - 1 штамм (И1) бөлініп алынды және оларға шартты түрде TD1, TD2, TD3, TD4, TD5,TD6, TD7, А1, А2 және И1 деген атау берілді (сурет 1). Үй ірімшігінде ашытқылар көп мөлшерде 7,0х107-9,8х107 КТБ/г кездесті. Алма ағашының гүлінің бетінде ашытқылар 5,9х105КТБ/г мөлшерінде, алмұрт ағашының гүлінің бетінде 4,6х104КТБ/г мөлшерінде болды.
Сурет 1 – Әртүрлі табиғи субстраттардан бөлініп алынған ашытқылар мөлшері
Іріктелініп алынған ашытқылардың морфологиялық-дақылдық қасиеттері зерттелді және алынған нәтижелер негізінде барлық штамдар туысқа дейін идентификацияланды. Морфологиялық белгілері бойынша ашытқылар клеткалары ірі, дөңгелек, сопақша, лимон тәрізді, клеткалар агрегациясы жалғыз және жұпты, дақылдар псевдомицелий түзбейді (кесте 1).
Кесте 1 – Ашытқылардың морфологиялық-дақылдық белгілері
Дақыл
|
Колония сипаттамасы
|
Клеткалар морфологиясы және өлшемі
|
Вегетативті көбеюі
|
А1
|
Дөңгелек формалы, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Шар тәрізді,
4,66 мкм
|
Мицелийсіз хламидоспора
|
А2
|
Дөңгелек формалы, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Шар тәрізді,
5,35 мкм
|
Мицелийлі және мицелийсіз хламидоспора
|
И1
|
Дөңгелек формалы, шеті тегіс, ашық сары, жылтыр
|
Сопақша,
3,4-4,14 мкм
|
Баллистоспора, симметриялы
|
ТД1
|
Сопақша формалы, шеті иректелген, ашық сары
|
Сопақша,
2,3-4,3 мкм
|
Мицелийлі хламидоспора
|
ТД2
|
Бұрыс пішінді, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Сопақша,
2,4-4,9 мкм
|
Терминальды, интеркалярлы хламидоспора
|
ТД3
|
Бұрыс пішінді, беті тегіс, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Сопақша,
3,2-5,2 мкм
|
Терминальды хламидоспора
|
ТД4
|
Дөңгелек формалы, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Шар тәрізді,
4,9 мкм
|
Мицелийсіз хламидоспора
|
ТД5
|
Сопақша формалы, шеті тегіс, ашық сары, жылтыр
|
Сопақша,
2,6-5 мкм
|
Терминальды хламидоспора
|
ТД6
|
Бұрыс пішінді, шеті иректелген, ашық сары, жылтыр
|
Сопақша,
2,5-5,6 мкм
|
Баллистоспора, асимметриялы, симметриялы
|
ТД7
|
Сопақша формалы, шеті иректелген, сары, жылтыр
|
Сопақша,
3,6-5,8 мкм
|
Баллистоспора, асимметриялы, симметриялы
|
1-ші кестеден көрініп тұрғандай ашытқы штамдары қатты ортаның бетінде дөңгелек, сопақша формалы колониялар, сонымен бірге бұрыс пішінді, ашық-сары және сары колониялар түзеді. Морфологиясы бойынша А1, А2, ТД4 штамдары шар тәрізді, қалғандары сопақша формалы. Клетка өлшемдері 2,3-5,8 мкм аралығында (сурет 2).
А1 T1 T7
Сурет 2 – Ашытқы штамдары клеткасының морфологиясы
Клеткалар өлшемі 2,3-5,8 мкм аралығында. Вегетативті көбеюі бойынша мицелийлі және мицелийсіз хламидоспора, терминальді, интеркалярлы баллистоспора түзеді.
Сонымен бірге ашытқылардың әртүрлі температураларда (200С, 250С, 370С және 450С) өсуі және көмірсутектерді ашытуы зерттелді (кесте 2). 5-ші кестеден көрініп тұрғандай ашытқылардың барлық штамдары 200С және 250С температурада белсенді түрде өседі, ал 370С және 450С кезінде A1, A2 және И1 штамдары өспейді, ал ТД1, ТД3, ТД4 және ТД7 штамдары 450С кезінде аз мөлшерде өсуін көрсетті. Ашытқы штамдарын дақылдау үшін 20°С және 25°С қолайлы температура болып саналады.
Кесте 2 – Ашытқы дақылдарының физиологиялық-биохимиялық қасиеттері
Дақыл
|
Температура, Т 0С
|
Көмірсутектерді ашытуы
|
200С
|
250С
|
370С
|
450С
|
Маль-тоза
|
Саха-роза
|
Кси-лоза
|
Лак-тоза
|
Галак-тоза
|
Рам-ноза
|
1
|
2
|
3
|
А1
|
+++
|
+++
|
–
|
–
|
+++
|
+++
|
++
|
++
|
+++
|
+++
|
А2
|
+++
|
+++
|
–
|
–
|
+++
|
++
|
+++
|
++
|
+++
|
+++
|
И1
|
+++
|
+++
|
–
|
–
|
-
|
++
|
+
|
-
|
+
|
+
|
ТД1
|
+++
|
++
|
+
|
+
|
+
|
++
|
-
|
++
|
+
|
++
|
ТД2
|
+++
|
+++
|
++
|
–
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
++
|
ТД3
|
++
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
+
|
++
|
++
|
+
|
ТД4
|
++
|
++
|
++
|
+
|
+
|
++
|
++
|
-
|
+
|
++
|
ТД5
|
+++
|
++
|
++
|
–
|
++
|
++
|
+
|
+
|
+
|
+
|
ТД6
|
++
|
++
|
+
|
–
|
+
|
++
|
++
|
-
|
-
|
+
|
ТД7
|
++
|
++
|
+
|
+
|
+
|
++
|
+
|
+
|
+
|
++
|
Ескерту – “+++” – жақсы өсуі, “++” – орташа өсуі, “+” – әлсіз өсуі, “-” – өсуі жоқ
|
Ашытқы дақылдарының көмірсутектерді ашытуының зерттеу нәтижесінде А1 және A2 штамдары барлық қанттарды өте жақсы ашытатынын көрсетті. ТД1 және ТД2 штамдары ксилозаны ашытпайды, ТД6 штамы лактоза мен галактозаны ашытпайды, мальтозаны әлсіз ашытады. ТД4 штамы лактозаны ашытпайды, галактозаны әлсіз ашытады, И1 штамы мальтоза мен лактозаны ашытпайды.
Барлық штамдардың морфологиялық-дақылдық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттей келе А2, ТД2, ТД3, ТД4, ТД5 штамдарымен салыстырғанда А1, И1, ТД1, ТД6 және ТД7 штамдары белсенділік көрсетті және ары қарайғы зерттеулерге іріктелініп алынды.
ПТР-анализі бойынша ашытқы штамдарының идентификация жүргізілді (кесте 3). Филогенетикалық ағаштарды құру үшін - Mega 3.1 бағдарламасы пайдаланылды. Нуклеотидті тізбектерін сәйкестендіру үшін ClustalW алгоритмі қолданылды, ағаштарды құру жақын көршілестерінің қосылуы әдісі (Neiighbor-JoiningNJ) бойынша жүргізілді.
Халықаралық деректер базасындағы GeneBank (http://www.ncbi.nlm.nih.gov/), Ribosomal Database Project (RDP-II) (http://rdp.cme.msu.edu/html/) қателердің болуы келтірілген әдебиеттердегі мәліметтерді ескере отырып, филогенетикалық ағаштардың құрылуы қосымша жүргізілді.
Кесте 3 – ITS аймағының нуклеотидтік анализі бойынша идентификация нәтижелері
|
Штамның аты
|
ITS аймағы фрагментінің тізбегі
|
Халықаралық деректер базасындағы нуклеотидті тізбектердің идентификациясы (http://www.ncbi.nlm.nih.gov/) BLAST алгоритмі
|
Инвентарлы номер GeneBank (Accesion number)
|
Штамның аты
|
% сәйкестігі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
А1
|
AGTCGTAACAAGGTTTCCGTAGGTGAACCTGCGGAAGGATCATTATTGATTTTATCTATTTCTGTGGATTTCTGTTTTATTACAGCGTCATTTTATCTCAATTATAACTATCAACAACGGATCTCTTGGCTCTCACATCGATGAAGAACGCAGCGAACCGCGATATTTTTTGTGACTTGCAGATGTGAATCATCAATCTTTGAACGCACATTGCGCGGTATGGCATTCCGTACCGCACGGATGGAGGAGCGTGTTCCCTCTGGGATCGCATTGCTTTCTTGAAATGGATTTTTTAAACTCTCAATTATTACGTCATTTCACCTCCTTCATCCGAGATTACCCGCTGAACTTAA
|
KC254114.1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |