Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет4/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
ІІІ –тарау
Ұстаз деген ұлағатты атау...................................................................257
3.1. Әріптестерге арналған ақ тілек......................................................................257
3.2. Филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.Ж.Есеналиеваның жетекшілік етуімен магистрлік диссертация 
қорғаған магистрлер ...............................................................................................267
3.3. Филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.Ж.Есеналиеваның жарияланған ғылыми еңбектерінің тізімі .......................


7
Лингвистиканың өзекті мәселелері
АЛҒЫ СӨЗ
Филология ғылымдарының докторы, Абылай хан 
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері 
университеті профессоры Есеналиева Жанар Жорабекқызы 
1961 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы Қаратау қаласында 
өмірге келген. 
1980-1985 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ 
мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы 
Қазақтың ұлттық университетінде) филология факультетін 
қызыл дипломға бітіріп, филолог, араб, қазақ тілі мен әдебиеті 
оқытушысы мамандығын алды. 
1993 жылы Тіл білімі институтында «Абай 
шығармаларындағы араб және парсы сөздерінің қолдану 
ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация қорғады.
Ғылыми жетекші - филология ғылымдарының докторы
профессор Б.А. Әбілқасымов. Ресми бірінші оппонент - 
филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Ғ.Сыздықова. 
Ресми екінші оппонент - филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент М.Мәженова болды.
2001 жылдан осы уақытқа дейін Абылай хан 
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері 
университетінде 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазіргі 
уақытта Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін 
атқарады. 
2010 жылы 26 ақпанда «Құрылымы әртүрлі тілдерге 
тән типологиялық басымдылық» атты докторлық диссертация 
қорғады. Ғылыми консультанты филология ғылымдарының 
докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова. 2009 жылы докторлық 
диссертация негізінде «Құрылымы әртүрлі тілдердің 
салғастырмалы типологиясы» атты монография және 
жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарға 
арналған «Лингвистикалық типология негіздері» атты оқулық 
жарияланды. Магистратураға арналған «Типологиялық және 
салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі мәселелері» атты 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
8
типтік бағдарламаның авторы. Ж.Ж.Есеналиева қазақ тілінен
электрондық оқулықтың авторларының бірі.
2002 жылдан осы уақытқа дейін Абылай хан 
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері 
университетінде 20 жылдай жұмыс істеп келеді. Қазіргі 
уақытта Қазақ филологиясы кафедрасында профессор қызметін 
атқарады. 
Есеналиева Жанар Жорабекқызының ғылыми ізденіс-
терінің дені құрылымы әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру 
мәселелеріне, когнитивтік лингвистикаға және мәдениетаралық 
коммуникацияға арналған. Бұл бағыттар бойынша 100-ден 
аса зерттеу жұмыстары жарық көрді. Атап айтатын болсақ
««Когнитивтік лингвистика теориясының негіздері» оқулығы 
(2018), «Салғастырмалы тіл білімі» оқулығы (2020), «Абай 
және Шығыс тілдері» (2021) монографиясы ғалымның көп 
жылғы еңбегінің нәтижесі. Бұл еңбектер жалпы тіл білімінің 
өзекті мәселелерін, соңғы жетістіктерін өскелең ұрпақтың 
зердесіне тиімді түрде жеткізетін құнды ғылыми зерттеулер 
болып табылады.
«Лингвистиканың негізгі мәселелері» атты бұл 
жинаққа филология ғылымдырының докторы, профессор
Ж.Ж. Есеналиеваның ғылыми еңбектері еніп отыр.


9
Лингвистиканың өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет