Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

әзәли
» - «табиғи, әуелгі, 
ежелгі» боп түсіндірілген. Ал ол сөз арабтың «мәңгілік» деген 
сөзі ىلزا - /вечный/. Ал «
жаһил
» сөзі «залым, жамандық істейтін 
адам» деп берілген. Оның аудармасы “ақымақ” емес пе? لهاج –
/1. невежественный, 2. глупец, невежда, неуч/. 
Ал аталмыш сөздікте кейбір сөздер керісінше аударылған. 
Мәселен, «
ғұрур
» сөзі – «алдаушы, өтірікші, жалғандық» رورغ 
-обманывающий, обманчивый, ложный/, ал сөздікте -
«алдаушылық, бекерге сенушілік, менмеңдік” . Сондай-ақ, 
«табиғ»
сөзінің араб тіліндегі мағынасы - біреуге еруші. عبات - /
идущий вслед/. Ал бұл сөздіктегі тәржімесі мүлдем теріс 
«еруші» емес, «ертуші». 
Сондай-ақ, сөздікте бір сөзге екі түрлі анықтама берілген 
тұстар да кездеседі. Мысалы, «
сахиб
» сөзі 531-бетте «қожа»


Лингвистиканың өзекті мәселелері
56
боп аударылған, сол бетте «сахаба» сөзі – «дос, дос-жолдас» 
боп түсіндірілген. Ал шындығына келсек [сахиб] بيحاص /1.
спутник 2. товарищ, друг, приятель/. Яғни, «дос, жолдас», ал 
«сахаба» сөзінің түбірі «сахиб» сөзімен бір болғанымен, оның 
аудармасы дінге байланысты басқа мағына береді: [сахаба] 
ةباحص - /рел. Сподвижники Мухаммеда/. Абайдың өз 
творчествосынан мысал келтірейік: 
Пайғамбарымыз... “ақыр заманда бір жылдық, бір күн 
болар” дегенде сахаба - “кәрәмлар” бұл бір жылдық күнде намаз 
нешеу болар” деп сұрапты. 
“Сахиб” ниғметке шүкірлігің жоқ болса әдепсіздігікпенен 
күнәкәр болмайсың ба?
Сондай-ақ, «Абай тілі сөздігінің» 99-бетінде 
«әһли
» деген 
сөзді «кітап» сөзімен тіркес алып, оған «кітаби», «қауымдық» 
деп түсінік берілген. [Әһли] арабтың ىلها - /народный, 
национальный, гражданский/ деген сөзін береді. Соған 
қарағанда, Абай 
«әһли
» сөзін 
«катиб
» - «жазушы» сөзімен 
тіркестіріп алған сияқты. Абайдың өз сөзімен айтсақ: 
Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес
әһли катиб
/ (кітап емес- Е.Ж.) бұл сөзді бекер демес. 
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен. 
Бос сөзбен қастаспай түзу келмес. 
Осылай болса, Абайдың айтпақ ойы оқушы қауымға 
түсінікті болар еді. Енді Абайдың жас шағында жазған бір 
шумақ рубағиына келейік.
Фаули, Шамси, Сәйхали
Новои, Сағди, Фирдоуси.
Хожа Хафиз - бу һәммәси 
Мәдәт бер шағири фарияд
Осы рубағида қазірігі ұғымға түсінінксіз «
бу хәммәси», 
«мәдәт», «шағири», «фарияд
» сөздерінің сөздіктегі көрінісі 
қандай? Алғашқы екі сөз жинақта дұрыс тәржімеленсе де, 
«
шағири»
сөзі «ақындар» болып көрініс тапқан. Арабша «ақын» 


57
Лингвистиканың өзекті мәселелері
сөзі رعاش - [ша‘ир], ал көпше түрі آرعش [шу ара], ендеше 
«шағири»
«ақындар» болып аударылмаса керек. Ол сөздің ғылыми 
транскрипициясы [ша‘ ири] яғни «менің ақындарым» деп 
тәржімеленсе дұрыс болар еді. Араб тілінде сөз соңында 
жалғанатын «ى» – «и» сөзге тәуелдік мағына үстейді. Соңғы 
«фарияд
» сөзіне келетін болсақ, «Абай тілі сөздігінде» ол парсы 
сөзі делініп, «тілек, сыйыну түріне айтылатын зар, үн» деп 
түсініктеме берілген. Парсыларда ондай сөздің бары рас, бұл 
сөзі біздіңше парсы сөзі емес, «фурада» немесе «фурадан» ادارف
,ىدارف яғни, «бір-бірден, біріңнен соң бірің» деген араб сөзі 
болса керек. Енді текстің өзіне келер болсақ:
… Мәдәт бер шағири фурадан, - деп жазып, мағынасын 
«Ақындарым, әр қайсың маған кезектесіп жәрдем бер” деп 
аударсақ, сауатты да, мағынасы да көңілге қонымды болар еді.
Абайдың шығармаларында көптеп кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет