81
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
концептілерінің
жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы»,
[3,94] – деп анықтайды. Әлемнің когнитивтік және тілдік
бейнесі концептосфера бойынша ұғынылады, жалпы, тілдік
ұғым туралы санадағы ақпараттар концептілік жүйеде
дұрысталады. Концептосфералық жүйенің негізгі функциясы –
ұлттық, этникалық күрделі ұғымдарды ортақ жүйеге топтастырп,
бір ізді жүйелеу. Қазақ тіл білімінде концептосфераны қарастыру
енді ғана қолға алынғандықтан, концептілік жүйе,
концептуализация, категоризация,
әлем моделі немесе
когнитивтік модель және оны құраушы бөліктер мәселесі әлі де
зерттелу үстінде.
Д.С.Лихачев ұлттық тілдегі концептілердің сферасын,
нақтырақ айтқанда ұлттық концептосфераны меңгеру халықтың
мәдениетімен тығыз байланыста болу керек деген тұжырымға
келген. Ол «Ұлттың мәдениеті, әдебиеті, фольклоры, ғылымы,
бейнелеу өнері неғұрлым бай болса, ұлттық тілдің
концептосферасы соғырлұм бай болады, концептосфера
халықтың тарихи тәжірибесімен тығыз байланысты»,-деп
жазады. Ғалым өз ойын былай жалғастырады: «концептосфера
- әр халықтың семантикалық
сөз мағынасынан кең ұғым, ол
халықтың не жеке адамның тілі мен ақыл-ойы». Д.С.Лихaчев
концептосферaның кең мaғынaдa түсінілyін ұсынaды: «В
совокyпности потенции, открывaемые в словaрном зaпaсе
отдельного человекa, кaк и всего языкa в целом» можно нaзвaть
концептосферой
». Ғалымның ойыншa, ұлттық тілдің тұтaстaй
концептосферaсы жеке aдaмның шындықты концептyaли-
зaциялay нәтижесі болaтын жеке индивидyaлды концепто-
сферaлaрдaн құрaлaды. Индивидyaлды концепто сферaдaн өзге
ұлттық қayым ішіндегі белгілі бір әлеyметтік және мәдени
қayым концептосферaсы дa болaды. Д.С.Лихaчев осы ойды әрі
қaрaй жaлғaстырып, орыс тілінің ұлттық концептосферaсындaғы
мынaдaй концептосферaлaрды: «инженер-прaктик», «отбaсы»
концептосферaлaрын бөліп көрсете келе концептосфераны 3-ке
Лингвистиканың өзекті мәселелері
82
бөледі: индивидуалды, әлеуметтік, мәдени. [4,29].
Қазақстандық ғалымдардың да еңбектерінде концепто-
сфера - когнитивтік лингвистикадағы маңызды тұжырым-
дамалардың бірі болып табылады. Ғалым Г.Хамитованың
айтуынша «Концептосфера» термині өзіне көлемділіктің,
тұтастықтың, үшқырлылықтың (трехмерность)
образды
коннотацияларын енгізіп, онтологиялық құбылыстың мәнін дәл
бейнелейді». Концептосфера көп қырлы, кеңістіктік,
тұтастықтық құбылыс ретінде көрінеді, әйтсе де ол халықтың
әлемтануымен,
әлемді
қабылдауымен,
тарихымен
менталитетімен, мәдениетімен байланысты ашық жүйе. Кез-
келген тілдің концептосферасының үшқырлылығы оның тілмен,
руха ни мәдениетпен, объективті шындықпен өзара байланысы
мен өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасады. Осыдан
концептосфераның мынадай негізгі белгілері шығады:
1. көлемділік, ол халықтың мәдени тәжірибесі, мәдени
дәстүрі мен түсініктерінің
байланысын білдіреді;
2. тұтастық, себебі концептосфера белгілі бір халықтың
тұтас ұлттық мәдениетін сипаттайды.
3. ұшқырлылық, тілді халықтың мәдениеті, тарихы,
әлемтануы мен әлемді қабылдауын өзіне енгізетін кеңістіктік,
барлығын қамтитын құбылыс ретінде көрсетеді; [6,65].
Сонымен, біздің пайымдауымша
Достарыңызбен бөлісу: